Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Қызылжар ауылында газ бен жол мәселесі шешімін таппай келеді

Қызылжар ауылында  газ бен жол мәселесі шешімін таппай келеді
4 апреля, 2022
in Өзекті мәселе
0
0
SHARES
6
VIEWS

Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылының тұрғындарын жолдың жайы, газдың мәселесі әбден қажытқан. Төңіректегілер түгел көгілдір отынның рақатын көріп отырғанда, олар әлі от жағып, күл шығарып жүр. Газдың құбырына, құжатына деп әкім әлдеқашан ақша жинап алған. Ал енді түрлі сылтау айтып, жұртты жанына жолатпайтын көрінеді. Тіпті шағымданып келгендерге шамданып: «қайда барсаңдар онда барыңдар? Билеттеріңді алып берем» депті.

Тұрғындар:
«Билет әперем деді. Нұр-Сұлтанға барасың ба? Тоқаевқа барасың ба? Кімге барсаң соған бар деді».

Даудың басы ауылдағы газ және жол мәселесінен басталған. Тұрғындардан қызметкерлер газ құжаттарын реттеп кіргізіп беру үшін 85 мың теңге жинап алған. Алайда, хабар ошарсыз кеткен. Алдына барса түрлі сылтау айтып шығарып салатын көрінеді.
Тұрғындар:
«Дат айтып барып жатырмыз сізге личный қалтаңнан ақша төле деп жатқан жоқпыз. Неге уақытында келмейді мына газ. Сол мәселені шешіп бер дедік болды».

Тұрғындардың ашынатыны сол өткен жылы әкімдіктегілер халықтан сүйінші сұрап, көмір алмаңыздар деп айтқан. Тіпті, құбыр кіргізуге құжат дайындау үшін ақшасына дейін жинап алған. Алайда, содан бері екі үш жыл өтті әлі қозғалатын түрі жоқ. Амалы таусылған тұрғындар отын алып, қи жағып қыстан шығыпты. Ал, жағдайы жеткендер көмір сатып алған.

Тұрғындар:
«3-4 тонна көмір алсаң 70-80мың болады. Біреудің жағдайы келеді. Біреудіңкі келмейді».
Оралбай Тойлыбаев – ауыл тұрғыны:
«Алдыңғы әкім декабрьде жағамыз деген. Мынаусы биыл декабрьде деді. Жылын сұрап алу керек еді қай декабрь екенін».

Мәселені айтып ауыл әкіміне барған сөйтсе,өздеріне дүрсе қоя беріпті. Тіпті, ұруға дейін барды дейді тұрғындар. Ол аздай халықтың жан-айқайын тыңдап,оны шешудің орнына, елордаға жолдама әперем депті. Халық жиылған соң билет әпергіш әкім де келді. Ол тұрғындармен арадағы әңгімені ашумен болғанын растады. Артық айтқан сөзі үшін көпшіліктен кешірім сұрады.

Әбдіжаппар Рақымбердиев- ауыл әкімі:
«Бір- бірімізге жаман әңгіме айтқан жоқпыз. Қатты айқай болған жоқ. Өтіп кетсе кешіріңіздер құдай қаласа 3-4 айдың ішінде кіргізіп береміз».

Сондай-ақ, Қызылжарда 25 көше асфальтсыз. Тұрғындар лай кешіп жүргендерінде айтады. Мемлекеттік сатып алу конкурсы өтсе биыл 13 көшенің 11 шақырымы жөндеуден өтеді-дейді жауаптылар. Жұмыстар 1-2 айда басталады.

Tags: Turkistanzaman.kzҚызылжар ауылында газ бен жол мәселесі шешімін таппай келеді
Алдыңғы жаңалық

«Су басу қаупі жоғары»

Келесі жаңалық

18 вагон рельстен шыққан

Ұқсас жаңалықтар

ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Басты жаңалықтар

ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

23 апреля, 2025
Үкіметтік жұмыс тобы жер сілкінісі болған Жамбыл облысына жіберілді
Аймақ

Үкіметтік жұмыс тобы жер сілкінісі болған Жамбыл облысына жіберілді

28 марта, 2025
Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады
Аймақ

Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады

18 марта, 2025
Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды
Cаясат

Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды

17 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

20 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ САРАЛАНДЫ

20 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ЖОБАЛАР МАҚҰЛДАНДЫ

20 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ СУҒА ШОМЫЛУ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

20 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ

19 мая, 2025

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өнер майталманы Гүлшат Тутованы қабылдады

19 мая, 2025
Келесі жаңалық
18 вагон  рельстен шыққан

18 вагон рельстен шыққан

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

saqnews.kz
19 мая, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz