Қор нарығында доллар сәл қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат тілшісі. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,62 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 476,27 теңге. Ұлттық банктің 3 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 475,79 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 475 теңге, сатып алу – 480 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 475 теңгеден болса, сатып алу құны – 478 теңге. Ресей рублі 7,25 – 7,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *