Қарағанды облысында қалың қар жауды. Ауа райының бұзылуы – алдын ала хабарланған. Тұрғындар түсірген видеода үй аулаларында тұрған көліктер мен жолдарды қар басып қалғаны көрінеді. Салдарынан Алматы-Екатеринбург тас жолының Қарағанды-Балқаш бөлігінде көлік қозғалысы біраз қиындаған еді. Қазір жолдағы жағдай қалыпқа келтірілді. Синоптиктердің болжауынша, бүгін түнде де облыстың оңтүстік аумағында да қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде жел екпіні күшейеді.
Қарағанды облысында қалың қар жауды