Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Денсаулық

«Қараларға» қақпаны тарс жаба тұрмасқа болмады

2 декабря, 2021
in Денсаулық
0
0
SHARES
53
VIEWS

32 рет мутацияланған жаңа штамм қарқыны үдеп барады

Елімізде коронавирустың жаңа штамынан төнген қауіпке байланысты шектеу шаралары күшейтіледі. Яғни «Омикрон» өршіп тұрған Африка елдерінен және Гонконгтан келетін шетел азаматтары елге кіргізілмейді. Және бірқатар елмен әуе қатынасы тоқтатылады. Өйткені коронавирустың жаңа штамының қарқыны сұмдық. Үкімет қандай шараларды қолға алмақ? Шынар Әділханқызы айтып берсін.

Елде эпидахуал жақсарып келе жатыр деп босаңсуға әлі ерте. Себебі 32 рет мутацияланған жаңа штамм тіпті екпе салдырғандар мен коронавирусқа бұрын шалдыққандарға да жұғуы мүмкін деп болжап  отыр мамандар. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі де жұртшылықты барынша сақтануға шақырды. Және желтоқсанның 3-інен бастап шектеу шараларын енгізілмек.

Асқар Мамин, ҚР Премьер министрі:

«Қызыл» аймақта Солтүстік Қазақстан облысы ғана қалып отыр, 5 өңір – «сары» аймақта, 11 – «жасыл» аймақта. Басқа елдерде коронавирустың «Омикрон» деген жаңа штамының пайда болғанын ескере отырып, Мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысын қолдаймын».

Оңтүстік Африкада мутацияға ұшыраған «Омикрон» штамы қазірдің өзінде Еуропаның бірқатар еліне таралып үлгерді. Олардың қатарында Испания, Нидерланды, Германия, Ұлыбритания және Бельгия бар. Ал ең атышулы оқиға Португалияда болды. Футболдан Португалия біріншілігінде Белененсеш Бенфикамен кездескен. Сол кезде команданың 27 ойыншысынан коронавирус анықталды. Осылайша, қосалқы құрамның тек 9 ойыншысын алаңға шығарған. Нәтижесінде, Бенфикадан 0-7 есебімен ойсырай жеңілген еді.

Граса Фрейташ, Португалия денсаулық сақтау министрі:

«Коронавирустың жаңа нұсқасының қалай пайда болғанын, шыны керек, түсіне алмай қалдық. Олармен байланыста болған адамдарды да анықтап жатырмыз. Олардан ПТР-тест алуды да жиілетіп жатырмыз. Белененсеш футбол клубының ойыншыларының барлығы вакцина алған болатын. Бұл дегеніміз екпе әзірге омикронға төтеп бере алмай тұр».

Айта кету керек, бұдан былай Ботсвана, Лесото, Мадагаскар, Малави, Эсватини, Оңтүстік Африка елдері мен Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания мен Италия, Германия азаматтары елімізге келе алмайды. Ал, Аустралия мен Канада, Мысырдан келген туристер вакцинасы салдырса да  ПТР талап етілмек. Сондай-ақ Үкімет басшысы да шекарада санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді және елдегі жағдайды үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

 

Tags: "Омикрон"ВакцинаОАРшекара
Алдыңғы жаңалық

Тәуелсіздік құрметіне кімдер түрмеден шықпақ?..

Келесі жаңалық

270 мыңға жуық жолаушы тасымалданған

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жаңа перзентхана салынады
Cаясат

Түркістанда жаңа перзентхана салынады

13 мая, 2025
Денсаулық

Дәрігерлер науқасты емдеуден бас тарта алады

17 октября, 2022
Денсаулық

Елде жыл сайын 5000 әйел сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады

14 октября, 2022
Елордалық дәрігерлер Атыраудан келген 5 жастағы науқасқа инновациялық ота жасады
Денсаулық

Елордалық дәрігерлер Атыраудан келген 5 жастағы науқасқа инновациялық ота жасады

22 сентября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық

270 мыңға жуық жолаушы тасымалданған

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz