Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

Жол бойына тағы 800 камера қойылмақ

4 октября, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
24
VIEWS

Түркістан облысында бейнебақылау камералары көбейгелі көлік жүргізушілерінен маза қаша бастаған. Себебі «тапқанымыз айыппұл төлеуден артылмайды», – деп зар еңірейді олар. Айтса айтқандай, полицейлер 8 айдың ішінде осы бейнебақылау арқылы 58 мың құқық бұзушылық анықталғанын мәлімдеді. Әсіресе, заң бұзушылықтардың көбі шетелден әкелінген, еш жерде тіркеуде жоқ темір тұлпарларға тиесілі дейді олар.

Абзал Оразбақовтың көлік тізгіндегенін 20 жылдан асқан. Осы уақыт  аралығында ол өзінің бірде бір рет  айыппұл төлемедім деп айта алмайтынын кейде заңға бағынбай олқылық жасаған кездері де болғанын жасырмайды. Әйтсе де жүргізуші соңғы жылдары қалада қадам аттаған сайын ұшырасатын камералардың мезі қылғанын айтады.

Абзал Оразбақов, тұрғын:

«Былтыр бір өзім 525 мың теңгеге дейін айыппұл төледім. Не үшін көбейіп кеткенін маған бірде-бір адам түсіндірген жоқ. Сондықтан төлеуден басқа амалым қалмады. Қазір тіпті аялдама сайын камера қойып тастаған. Кейде өзіңіздің қалай жол ережесін бұзғаныңызды байқамай да қаласыз. Тек үйге қағаз келгенде ғана білесіз. Соны азайтуға болмай ма? Бұрын МАИ тоқтатып, «осындай ереже бұздың, сол үшін айыппұл», – деп жазып беретін еді. Қазір ондай жоқ. Қазір тек қана түсіріп алады болды».

Бейнебақылау камераларының көбеюіне өре түрегелушілер көбіне жол ережесімен жүруге дағдыланбаған жүргізушілер дейді сақшылар. Дегенмен, олардың қарсылығы ештеңе шешпейтін секілді. Себебі бүгінде облыс орталығында 56 бейнеқабылау камерасы болса, Полиция департаменті жыл соңына дейін тағы да 800-ін қосу жоспарда бар екенін айтты.

Сейітхан Сейітжомарт, Түркістан облысы штаб басқармасының бастығы: 

«Былтыр 41 200 құқық бұзушылық анықталса,  биыл олардың саны 58 100 болып отыр. Яғни 17 мың құқық бұзушылық артығымен анықталып отыр. Жол ережесін бұзатындар көбеймесе, азайып жатқан жоқ».

Одан өзге, қырағы көздің арқасында шетелден әкелінген көліктер де анықталуда. Мәселен, жыл басынан бері 1000-нан астам Ресей көлігі тоқтатылып, оның 565-і айыппұл тұрағына қойылған.

Tags: "Сергек"бақылау камераларыжол-көлік қозғалысықұқық бұзушылық
Алдыңғы жаңалық

Өрт пен құрғақшылық соңы: адамзатты не күтіп тұр?

Келесі жаңалық

Вермишель таңсық асқа айналуы мүмкін...

Ұқсас жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры
Басты жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры

5 сентября, 2025
Бірлік – Қазақстанның басты байлығы
Басты жаңалықтар

Бірлік – Қазақстанның басты байлығы

4 сентября, 2025
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

1 сентября, 2025
Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі
Басты жаңалықтар

Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі

29 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Вермишель таңсық асқа айналуы мүмкін...

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz