Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қазығұрттағы кесене дауы — экс-судья көптің сынына жауап берді

Қазығұрттағы кесене дауы —  экс-судья көптің сынына жауап берді
18 апреля, 2022
in Әлеумет
0
0
SHARES
17
VIEWS

Шымкенттің бұрынғы соты әйелі екеуіне арнап кесене салдырған. Көзі тірі адамға мазар тұрғызған судья туралы ақпарат әлеуметтік желіде кең тарады. Шенеунік хан сарайындай бейітті елден жымқырған ақшаға тұрғызған болар деп топшылайды жұрт. Қоғамда қызу талқыланған мәселеге Бекет Тұрғараевтің өзі не дейді? Бұл зәулім кесене ма әлде адамның моласы ма?

Қазығұрттың ең көрнекті жеріндегі көк күмбезді кесенені Бекет Тұрғараев өзіне арнап салыпты деген ақпарат елді елең еткізді.

Расында бұл кесенені экс судья, заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараев салдырған. “Бабалар рухына тағзым” деп аталатын кешен құрамындағы, Пір Бекет Мырзағұлұлының 270 жылдығына орай тұрғызылған екен. Ал, діни басқармадағылар мұндай әрекетті құптамай отыр.

СНХ: Еркебұлан Қарақұлов — Түркістан облысының бас имамы:
«Негізі руханиятқа еңбегі сіңген, әулие тұлғалардың ұмыт қалмауы үшін кесене салуға рұқсат етілген. Олардың бейітінен топырағын әкеліп, кесенеге қою тарихи ракурстан қарағанда құптарлық іс. Бірақ ол жерге өзін араластыру, ескерткіш қою артық. Бақуатты, дәулетті адам кесене салып, өзінің ескерткішін қоя берсе ондай орындардың құндылығы жоғалып кетеді. Шариғатта кішіпейілділік пен ұлылық Аллаға ғана жарасады делінген».

Ал Бекет Тұрғараев өзімен аттас әулиеге арнап салынған деп ақталғанымен, кесененің тіпкі мақсатынан жасыра алмады. «Әйтеуір бір күні өлімнің болары хақ» деген экс судья кесене ішіне әке-шешесімен қоса, жарына да ескерткіш бюст орнатқан.

Бекет Тұрғараев- зейнеткер:
«Мені бұрынғы судья, пара жеп, сол ақшаға кесене салды дегісі кеп отыр екен. Бұл тырнақ астынан кір іздеген арам пиғылдағы адамның тірлігі деп ойлаймын. Келсін ауданға, халықтан сұрасын. Бұны бүкіл халықтан ақша жинап, істегенбіз. Өзім де біраз жұмысты атқардым. Мен тек бұл кешен емес, еліміздің өзге де аймақтарында әулиелердің қайта «тірілеуіне» себепші болдым. Желіде тарап кеткен видеоны түсірген адамды сотқа бермейсің бе деп сұрап жатқандар бар. Мен еңбек жолымды сот саласына арнаған жанмын, сондықтан сот дегеннен шекем қызған адаммын, ешкімді сотқа бермеймін. Тіпті оны кімнің түсіргенін де білмеймін».

Өңірдің бұрынғы судьясы Экспресс К ақпараттық порталына берген сұхбатында өзіне арнап ескерткіш қоюды жоспарлап отырғанын жасырмады. Айта кетерлігі, Қазығұрт ауданындағы Бекет ата атындағы киелілер кесенесі өткен жылы пайдалануға берілді.

Tags: Turkistanzaman.kzҚазығұрттағы кесене дауы - экс-судья көптің сынына жауап берді
Алдыңғы жаңалық

Ірі жол апатынан бір адам қаза тауып, 7 жолаушы зардап шекті

Келесі жаңалық

Шымкентте шенеунікті бопсалаған блогер ұсталды

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады
Аймақ

Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады

18 марта, 2025
Төлебиде 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді
Аймақ

Төлебиде 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді

18 марта, 2025
Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды
Cаясат

Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды

17 марта, 2025
Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады
Аймақ

Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады

17 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025
Келесі жаңалық
Шымкентте шенеунікті бопсалаған блогер ұсталды

Шымкентте шенеунікті бопсалаған блогер ұсталды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

saqnews.kz
16 августа, 2025
0

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz