Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

Шымкенттегі адам қаза тапқан жарылыстың шығынын арнайы комиссия есептеп жатыр

Шымкенттегі  адам қаза тапқан жарылыстың шығынын арнайы комиссия есептеп жатыр
24 мая, 2022
in Қоғам, Өзекті мәселе
0
0
SHARES
99
VIEWS

Шымкенттегі перзентхана жанындағы дәріханада болған жарылыстан зардап шеккен екі адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Олар медициналық мекеменің санитарлық қызметкері. Сондай-ақ апаттан тағы 5 адам жарақат алған. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері «Науқастардың өміріне қауіп жоқ» — дейді. Ал арнайы құрылған комиссия жарылыс шығынын есептеп жатыр.

Күндізгі сағат 11:36 кезіндегі жойқын жарылыс Шымкент қаласындағы перинатальдық орталықты дүр сілкіндірген еді. Жарылыс ошағы –перзентхананың дәл іргесінде дәріхана ғимараты. Оқыс оқиға кезінде медициналық мекемеде 65 қызметкер мен екі жүзге тарта науқас болды. Құтқарушылардан бұрын олардың туыстары сол маңға бірінші жеткен.

Света Қойбағарова — Қала тұрғыны:
«Қызым осы роддомда жұмыс істейді. Машинам жанып кетті деген соң жүгіріп келдім. Бірақ, кіргізбей жатыр. Қызыма не болып жатқанын да білмеймін ғой».
Жарылыстан медициналық мекеменің күзетшісі мен жұмысшысы және жаңа туған нәресте қайтыс болды. Көз жұмған сәби осыдан 18 күн бұрын дүние есігін ашқан үшемнің бірі екен. Мамандардың болжамы бойынша ғимарат ішіне газдың жиналып қалуы төтенше жағдайға себеп болуы мүмкін.

Мадияр Жақсыбаев – Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:
«Перекис водорода соның ішінде болған. 12 литр эмкостьте шамамен сол мекеменің басшысының айтуы бойынша 2 тоннадай перекис водорода болған. Ол перекис водородадан арнайы фурацилин, глюкоза деген дәрі-дәрімектер жасалған. Бүгін ешкім жұмыс жасамаған. Есік құлталу,- дейді. Бірде – бір қызметкер болмаған».

Облыстың бас дәрігері зардап шеккендерге қажетті материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді. Қайтыс болған азаматтардың отбасына қаржылай қолдау болады және несие қарыздарын өтеу мәселесі де қарастырылады деді жауаптылар. Ал жарақат алған 7 адам түрлі дене жарақатымен ауруханада жатыр. Олардың ішінде ғимаратқа интернет желісін жүргізуге барған мамандар да бар.

Мағрипа Ембергенова — ҚР ДСМ ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры:
«Барлық науқастар жағдайы тұрақты. Керекті медициналық көмектің барлығы жасалған. Ешқандай шағымдары жоқ. Әрі қарай керекті медициналық көмек керек жағдайда республикалық клиникалардан көмек береміз».

Марат Пашимов — Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
«Кімді қайда апарады, кім қайда қаралады? Оның бәрі шешілді. Тағы қосымша айтсам, Түркістан облысының тұрғындары мен Шымкент қаласының тұрғындарына кедергі жасамаймыз. Бізге қарасты тағы екі қосымша перинаталды орталық бар. Ол Түркістанда, екіншісі қалада және қосымша облыстық клиникалық аурухана бар. Гинекологияға қарасты облыстық аурухана бар. Және балдардың облыстық ауруханасы бар Шымкентте».

Облыстық №1 перинаталды орталық уақытша жұмысын тоқтатты. Қазір барлық материалдық шығын көлемі есептеліп жатыр. Ал болған оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Заң бойынша оған кінәлілер 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар жеке кәсіпкерге қатысты прокуратура тергеу жүргізуде. Ол кәсіпкерлік қызметіне байланысты лицензиясынан айырылуы мүмкін.

Tags: Turkistanzaman.kzШымкенттегі адам қаза тапқан жарылыстың шығынын арнайы комиссия есептеп жатыр
Алдыңғы жаңалық

Әкімдердің рейтингі жолмен өлшенеді

Келесі жаңалық

Ақша жинауға тыйым салынады

Ұқсас жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ
Басты жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

4 июня, 2025
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

2 июня, 2025
N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық
Ақша жинауға тыйым салынады

Ақша жинауға тыйым салынады

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz