Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Экономика

Шаруалар күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айрылды…

2 ноября, 2021
in Экономика, Өзекті мәселе
0
0
SHARES
37
VIEWS

Бар ойы – қыстан малды қалай аман алып шығу. Әсіресе, сары уайымға берілген Сарыағаш пен Келес ауданы шаруалары бүгінде төрт түлігін шетінен сатуға көшкен. Себебі жем-шөп жоғы өз алдына, үкіметтен де қайран болмай тұр. «Арам қатып қалса обал ғой» дейді олар. Тақырыпты тілшіміз Жандос Тастемір тарқатады.

«Бір мен емес, халықтың бәрінің көрген күні осы. Жем-шөп жоқ. Бәрі қымбат. Мал қырылып жатыр.   Халықтың жағдайы осындай болып тұр енді», – деген бозайлық Оспан Үкібаев бар малын қорада ұстауға мәжбүр. Екі айдан бері көтерем малға қанша жем-шөп  берсе де, ет алатын түрі жоқ. Базарға апарса, «арық-тұрық» деп өтпейді, не союға келмейді. Ал шөптің бағасы аспандап  кеткен.

Оспан Үкібаев, Бозай аулының тұрғыны:

«Бір пресс шөпті 1000 теңгеден алғанбыз ә дегенде, ол да азғантай ғана. Кейін оның бағасы бірден екі мың боп кетті. Жүгері алдық далбасалап, келісін жүз теңгеден. Жүгері де емес, собық. Паясын 300-400 теңгеден алып жатырмыз. Малсыз да күн жоқ, бірақ халықты қинап жатқан жем-шөп. Кемпірім екеуміздің күніміз бір зейнетақыға қарап тұр. Не зейнетақы, не жәрдемақы алмайтын, үйіне мүлдем кіріс кірмейтін де адамдар бар. Міне, солардың жағдайы тіпті қиын: бір қап ұнның өзі 10 мың теңге болды қазір».

Әлімтауда 4 мыңнан астам ірі қара мен 75 мыңдай қой және 2800 бас жылқы болған. Аман қалғанының өзін  аман-есен көкке  іліндіру – мұндағылардың басты мәселесі. Шамасы жеткендер  жем-шөбін алуға әзірден қамданып жатыр. Ал,  өзгелерінің малы  тақыр далада жайылып жүр. Жайылым демекші, жергілікті халық биліктен жекеге өткен жерлерін қайтаруды сұрайды.

Асанхан Байдуллаев, Әлімтау аулының тұрғыны:

«Әлімтаудың маңайындағы жерлердің барлығын жан-жақтағы әкімдер сатып алып қойған. Олардың кім екенін де білмейміз. Бірақ соның кесірінен қыстыкүні мал жаятын жер таппаймыз. Олар келеді де, шөп шықса бәрін орып әкетіп қалады. Осы жердегі жайылымның шөбі халыққа беймарал жететін шөп еді. Олар апарады да басқа жаққа сатып жіберіп жатыр».

Жергілікті билік қуаңшылықтан  зардап шеккендерге өтемақы берілмейтінін кесіп айтты. Өйткені ол жағы ешбір заңда қарастырылмаған көрінеді.

Нұрболат Тәліпов, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары:

«Ресейден және солтүстік облыстардан алып келген жемнің келісі 105 теңгеден сатылып жатыр. Бұл – қазір біздің ауданымызда ең арзан жемдердің бірі. Одан кейін оларға несие беру мәселесі де облыстық басқарма арқылы шешілді. Солардың ішінде нағыз мұқтаждарын анықтап, тізімін өткіздік».

Ал, ауылшаруашылығы басқармасындағылар қуаңшылықтан зардап шеккен ауылдарға барып, мәселені анықтауға уәде берді.

Нұржігіт Мырзахметов, Түркістан облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

«Сол ауылдарға барып, шаруалармен кездесеміз. Көмекке мұқтаждар тізімін алып, қанша адамға жем-шөп керектігін анықтаймыз».

Жауаптылардың айтуынша, арзан бағада жем алу үшін Солтүстік облыстармен келіссөз жүргізіп жатқан көрінеді. Бірақ оның нақты қай кезде жетері белгісіз…

Tags: жем-шөпКелесмалСарыағашсубсидияшаруақуаңшылыққыс
Алдыңғы жаңалық

Үш ғасырды көзбен көрген мектеп

Келесі жаңалық

Туризм: миллиардтар бөлініп, санаулы мыңдар ғана келген...

Ұқсас жаңалықтар

КЕНТАУДА ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

КЕНТАУДА ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

26 ноября, 2025
Bank of America: Казахстан стал «лучшей инвестиционной ставкой» 2026 года
Басты жаңалықтар

Bank of America: Казахстан стал «лучшей инвестиционной ставкой» 2026 года

26 ноября, 2025
ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АЛАУЫ» ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АЛАУЫ» ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ

26 ноября, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖАЛҒАСУДА

25 ноября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Туризм: миллиардтар бөлініп, санаулы мыңдар ғана келген...

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz