Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Білім

«Тұлпар мініп ту алған» гала концерті өтті

«Тұлпар мініп ту алған» гала концерті өтті
31 мая, 2022
in Білім
0
0
SHARES
33
VIEWS

Түркістан облысында халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Тұран Бала фест» он күндігі өтіп жатыр. Аталмыш шара шеңберінде Түркістан қаласында «Тұлпар мініп ту алған» атты өнер фестивалінің қорытынды гала концерті өтті. 17 ауданнан келген 500 ге жуық дарынды жас өз өнерлерін ортаға салды.

Аталмыш шара Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «облыстық қосымша білім беруді дамыту» орталығының ұйымдастыруымен өтті. Фестивальде білім ошақтары ұлттық бұйымдар, қолөнер туындылары мен қатар композициялық жұмыстарын ұсынды. Сондай-ақ өнерпаздар түрлі қойылымдар қойып, көрермен ықыласына бөленді. Айта кетсек, өнер додасына 20 мыңға жуық жас қатысқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің мақсаты- ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттап, жас таланттарды анықтау.

Ардақ Мәдіханқызы – Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
«Жалпы биылғы балалар жылы шеңберінде облыста үлкен мерекелер өтіп жатыр. Балалар жылына жалғыз мереке емес, облыс деңгейінде барлық салалар: денсаулық, әлеуметтік, қауіпсіздік сала бәрі қосылып, үлкен шара облыс әкімі Өмірзақ Естайұлымен бекітілген үлкен іс-шаралар түзілген. Ол енді бүкіл жыл бойы, келесі жылы да дәстүрге айналдыру керек. Балалардың қауіпсіздігін жан-жақты дамуына атсалысу. Негізінде бұл іс-шара былтырғы жылы респуликадан келген. Бірақ біздің Түркістанда бұл басқа үрдіс алып, жыл сайын осы атаумен үлкен фестиваль өтеді».

Сайысқа сонымен бірге мың бұралған бишілер де қатысты. Олар түрлі байқаулардан топ жарып, облыстық додаға жолдама алған.

Ясмин Махмут — Фестиваль қатысушысы:
«Біз Мақтаарал ауданы 31 ші жалпы орта мектебінің « Айсәуле» би тобымыз. Біз үлкен облыстық сайысқа жеткенімізге қуанамыз. Түркістан қаласына үлкен жаңалықпен жеткенімізге өте қатты қуандық. Тұлпар мініп ту алған атты үлкен байқауда біз өзіміз гран-при ұтып, облыстық кезеңіне өттік. Би тобымызда біз 10 қызбыз. Олардың барлығы өнерлі, осындай белестерге жеткенімізге өте қатты қуанамыз»

Фестиваль қорытындысы бойынша, бас жүлдені Төле би ауданының өнерпаздары қанжығалады. Ал 1-ші орын Бәйдібек ауданына бұйырды. Жеңімпаздарға 300 мың тенгелік сертификаттар, диплом және алғыс хаттар берілді. Айта кетерлігі онкүндік аясындағы шаралар жалғасын табады. Мәселен 1-ші маусым күні қаладағы Керуен сарай кешенінде мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Tags: Turkistanzaman.kz«Тұлпар мініп ту алған» гала концерті өтті
Алдыңғы жаңалық

Кентауда «Сity bike» жобасы іске қосылды

Келесі жаңалық

Қуғын-сүргін құрбандары ақталмады

Ұқсас жаңалықтар

Білім

Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

8 ноября, 2022
Білім

Сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

17 октября, 2022
Білім

Қазақстандық оқушылар Женевада робототехникадан өткен жарыста рекорд орнатты

17 октября, 2022
Елордада «Ой көкпар» зияткерлік сайысы өтті
Аймақ

Елордада «Ой көкпар» зияткерлік сайысы өтті

29 сентября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық
Қуғын-сүргін құрбандары ақталмады

Қуғын-сүргін құрбандары ақталмады

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz