Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қазақстан

Түркістан өңірінен ХХІ ғасырдың Әл-Фарабиін шығаруымыз керек

9 сентября, 2021
in Қазақстан
0
0
SHARES
95
VIEWS
Бүгін Түркістанда білім саласындағы мәселелер талқыланған жиында Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы, Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова осылай деді. Білім саласындағы проблемалар талқыланған мәжілісте «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев өңірде фракция мүшелері білім саласындағы өзекті проблемаларды бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.
Түркістан адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаевтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, облыстағы 937 мектепте 528 740 оқушы білім алып жатыр. 2021-2022 оқу жылына 51427 бала бірінші сыныпқа қабылданған.
«Барлық оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы ерекше назарға алынып, қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, облыстағы барлық білім мекемелерінде (мемлекеттік, жекеменшік) «Ashyq» бағдарламасы орнатылды», – деген Р.Жолаев өңірде үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін шешу бағытында жұмыс жүріп жатқанын атап өтті. Сонымен бірге колледждердегі мемлекеттік тапсырыс көлемі 2 есеге азайғанын, бұл талай жастың тегін білімнен қағылуына апарып соққанын жеткізіп, халық қалаулысы мен кеңес мүшелеріне бірқатар ұсыныс айтты.
Күн тәртібінде Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан 78 мектептің құрылысы және жаңа оқу жылында құрылысы аяқталмай қалған 6 мектеп негізгі мәселе ретінде талқыланды. Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Егентай Тәжібаев 2021 жылы өңірдегі 78 мектептің құрылысына 18,9 млрд. теңге қаралғанын, биыл 44 білім нысанын ел игілігіне беру жоспарланғанын жеткізді. Бірақ 1 қыркүйекте берілуі тиіс 17 жаңа мектептің 6-ауы мерзімінде тапсырылмаған.
Қоғамдық кеңес мүшелері жауапты басқарма өкілінен бұл түйткілдің себебін сұрады және қыркүйек айының соңына дейін мектептердің пайдалануға берілетіні туралы уәдесін алды. Бүгінде 6 мектептің құрылысын кешіктірген мердігерлерге ескерту берілген.
Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы, Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова білім саласындағы мәселелерді жасырмай айтып, шешу жолдарын қарастыру керектігін мәлімдеді.
«Еліміз үшін Түркістан өңірінің орны ерекше. Жол картасындағы тармақтардың көпшілігінде осы облыс қамтылған. Өңірде 900-ден астам мектеп бар. Оқушы саны жөнінен де өңір республикада алдыңғы қатарда тұр. Сондықтан білім саласына басымдық беріп, деңгейін көтеруге күш салған жөн. Кезінде бұл аймақтан ұлы ғұламалар, ғалымдар шыққан. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулар нәтижесінде білім сапасын көтеріп, Түркістаннан XXI ғасырдың Әл-Фарабиін шығаруымыз керек. Екіншіден, бір ғана басқарма үшін мыңға жуық мектепті, ұстаздар мен оқушылардың жағдайын жасау, бақылау өте қиын. Тағы да қосымша жобалық кеңесе немесе басқа жолын қарастыру қажет шығар. Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы ретінде мен ұсыныстар мен өтініштерді тыңдауға әрқашан дайынмын. Мәселен әлеуметтік желі және БАҚ арқылы өңірдегі бірқатар ауылдағы мектеп мәселесін көріп-біліп отырмын. Олар бойынша министрлікке нақты ұсыныстар беріліп, жұмыс жүргізіледі», – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Tags: Нұр отан
Алдыңғы жаңалық

"Көзбояушылық жасайсыңдар". Шөкеев жауапты басшылардың жұмысына көңілі толмайтынын айтты

Келесі жаңалық

Түлкібаста кәсіпорын жылына 3 мың тонна жеміс өңдейді

Ұқсас жаңалықтар

ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Басты жаңалықтар

ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

10 мая, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:
Cаясат

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:

24 апреля, 2025
Үкімет кинотеатрлар сатқан билеттер мен кассалық түсімдерді бақылап отырмақ
Cаясат

Үкімет кинотеатрлар сатқан билеттер мен кассалық түсімдерді бақылап отырмақ

18 марта, 2025
Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды
Cаясат

Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды

17 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ

19 мая, 2025

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өнер майталманы Гүлшат Тутованы қабылдады

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 142 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

19 мая, 2025

АУДАН ӘКІМІ «ҚАСИЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

19 мая, 2025

19 мая, 2025

ШАРДАРА: ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫ ҰРПАҚҚА МҰРА

19 мая, 2025
Келесі жаңалық

Түлкібаста кәсіпорын жылына 3 мың тонна жеміс өңдейді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

saqnews.kz
13 мая, 2025
0

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz