Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қазақстан

Түркістан: Қазығұрттық депутаттар мұқтаж отбасының баспаналы болуына көмектесті

2 сентября, 2021
in Қазақстан
0
0
SHARES
48
VIEWS

Түркістан облысында «Nur Otan»  фракциясының депутаттары,  партия өкілдері қоғамдық қабылдауларды тұрақты өткізіп, тұрғындардың өтініші бойынша игі істер атқаруды жалғастырып жатыр. Биыл 16 наурызда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының мәслихат хатшысы Өрісбай Бұхарұлының қоғамдық қабылдауына келген Шарбұлақ ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі  жалғыз басты ана Бақтыгүл Кемелбек әлеуметтік жағдайы төмен екенін айтып, тұрақты жұмысқа орналастырып беруді және де тұрғын үй алуға көмек көрсетілуін өтініп келген болатын.

Нәтижесінде депутат және партияның аудандық филиалы тарапынан, Шарбұлақ ауылының әкімі, партия мүшесі Жандос Арыстанбекұлына ұсыныс беріліп, аталған жағдай бойынша жұмыстар жүргізілді. Жандос Үсенбеков Шарбұлақ ауылының кәсіпкерлерін ұйымдастырып, көмекке мұқтаж ана Б.Кемелбекке пәтер кілтін табыстады. Аталған қайырымды іске Түркістан облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Нұржан Аширов қомақты үлес қосып, демеушілік жасады.  Сонымен қатар осы ауылдағы тағы 2 отбасына пәтер кілті берілді. Салтанатты іс-шараға Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев пен депутаттар қатысып, тұрғындарды құттықтады. Шарбұлақ әкімдігі мен азаматтары Б.Кемелбекті ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырды. Көмекке ие болған тұрғын «Nur Otan» партиясына, депутаттарға, ауыл әкімдігіне алғысын білдірді.

Қазығұрт аудандық мәслихатының тағы бір депутаты, жетекші партия өкілі Ертуған Буденбаев та сайлаушылардың талап-тілегін орындауда өзгелерге үлгі болып жүр. Аталған депутаттың қоғамдық қабылдауына С.Рақымов ауылының бір топ тұрғындары Б. Көбеев көшесінің сапасына көңілдері толмайтындығын айтып, наразылықтарын білдірген еді. Халық қалаулысы ауылының өзекті проблемасына бей-жай қарамай өз қаражаты есебінен 25 «Камаз» шағал төсеп берді. Сосын  тиісті орындарға жүгініп, және де С.Рақымов ауылына көпір салып беруге және Б.Көбеев көшесінің құрылысына қаржы бөлдіріп, жөндеуден өтуіне ықпал етті.

Депутат Ертуған Буденбаев «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде өткізілген кезекті қоғамдық қабылдауында Қызылқия ауылының белсендісі Б.Махсутовтың өтінішін де назарға алды. Белсенді тұрғын Қызылқия ауылында тұратын екі баланың анасы, ІІ топтағы мүгедек, көмекке мұқтаж тұрғынға асарлатып үй салуға үлес қосуын өтінді. Науқас баласын емдеуге күш салып, пәтер жалдап, қиналып жүрген ананың жағдайына жанашырлықпен қараған депутат өз атынан 2000 шлакоблок алып берді.  Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, үйді тұрғызу үшін Қызылқия ауылының кәсіпкерлері бірі цемент, бірі шифер, бірі тас, бірі шағал алып берген.

Жыл басынан бері 8 айда Түркістан облысындағы партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 1944 қабылдау жүргізіліп, 5209 азаматтың мәсесі қаралды. Түркістан өңірінде барлық деңгейдегі мәслихаттағы  «Nur Otan» партиясының партия фракциясы депутаттары 1118 жеке қабылдау жүргізіп, 3004 тұрғынның өтініштері мен ұсыныстарын қабылдап, жұмыс жүргізген.

Tags: Нұротанқазығұрт ауданы
Алдыңғы жаңалық

2025 жылға қарай халық 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі — Б. Атамқұлов

Келесі жаңалық

Халықаралық білім олимпиадасының жеңімпаздарына қомақты сыйақы берілетін болды

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

30 мая, 2025
ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Басты жаңалықтар

ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

10 мая, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:
Cаясат

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:

24 апреля, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Халықаралық білім олимпиадасының жеңімпаздарына қомақты сыйақы берілетін болды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz