Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

Түркістан облысында 2200-ге жуық адам әскерге шақырылады

Түркістан облысында 2200-ге жуық адам әскерге шақырылады
22 сентября, 2022
in Аймақ, Қоғам
0
0
SHARES
15
VIEWS

Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Рустам Ақбаров Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдарының басшылық құрамына күзгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру мен өткізу тақырыбында оқу-әдістемелік жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпараттық-түсіндіру форматында өткен жиын жергілікті әскери басқару органдары басшылық құрамының қатысуымен облыс әкімшілігіндегі онлайн жиналыстан басталды. Оған облыс әкімінің орынбасары — облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Ұлан Тәжібаев, әскери прокурор әділет полковнигі Бағлан Телеу және басқа да жауапты адамдар қатысты.

Жиналыс барысында Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев көктемгі әскерге шақыру кезеңінің қорытындысын шығарып, күзгі науқанға арналған жұмыстар мен жоспарлары туралы баяндады.

Түркістан облысына көктемгі шақыруға берілген тапсырыс сапасы мен саны жағынан алғанда толықтай орындалды. Атап айтсақ, Қарулы күштер қатарына 60 адам, Мемлекеттік күзет қызметіне 3 адам, Ұлттық ұланға 2 адам берілген тапсырыстан артық жіберілді. Алдағы күзгі әскерге шақыру жоспарына сәйкес, облыстан барлығы 2200-ге жуық адам шақырылмақ. Бұл жоспарды сапалы орындау үшін өңірімізден 14 мыңға жуық адам зерделеуден өтуі керек. Бүгінде облыс бойынша 16 мыңнан астам азамат зерделеніп, оның 700-ге жуығы іріктеліп, жеке істері жинақталуда, – деп атап өтті полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев.

Жиынды ұйымдастырушы полковник Рустам Ақбаров өз сөзінде күзгі шақырудың сапасын барынша арттыру қажет екеніне тоқталды.

Алдыңғы жаңалық

Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» челленджін бастады

Келесі жаңалық

Шымкентте ойын бизнесінің ұйымдастырушысы ұсталды

Ұқсас жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры
Басты жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры

5 сентября, 2025
Бірлік – Қазақстанның басты байлығы
Басты жаңалықтар

Бірлік – Қазақстанның басты байлығы

4 сентября, 2025
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

1 сентября, 2025
Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі
Басты жаңалықтар

Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі

29 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
Шымкентте ойын бизнесінің ұйымдастырушысы ұсталды

Шымкентте ойын бизнесінің ұйымдастырушысы ұсталды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz