Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токио-2020 ХХХII Жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін мемлекеттік наградамен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Токио-2020 ХХХII Жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін марапаттауды тапсырды:
ІІІ дәрежелі “Барыс” орденімен Сметов Елдос Бақтыбайұлы;
ІІ дәрежелі “Достық” орденімен Чиншанло Зульфия Салахаровна; “Құрмет” орденімен Асәділов Дархан Абсадықұлы, Берульцева Софья Полихроновна, Бибосынов Сәкен Исмадияр угли, Қоңқабаев Қамшыбек Бисенбайұлы, Санаев Нурислам Валентинович, Сон Игорь Сергеевич ие болды.
Аталған Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.