Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Тойға рұқсат берілді

22 сентября, 2021
in Басты жаңалықтар, Мәдениет
0
0
SHARES
43
VIEWS

Мұндай шешім бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды. «Жасыл» аймақ тұрғындары бұл жаңалықты қалай қабылдағаны жайлы тілшіміз Алия Мұхтарқызы тарқатады.

 

Бақдаулет пен Ақбота жақында ғана шаңырақ көтерген. Содан бері, ағайын-туыс, дос-жаранды қуанышына шақыра алмай жүрген жас жұбайлар той өткізуге ресми рұқсат берілгеніне дән риза.

Бақдәулет ҚОСЫМ, қала тұрғыны:

«Біз жақында ғана отау құрған едік. Карантиндік шектеулерге байланысты тойды келесі жылға қалдырып едік. Бүгінгі жаңалықты естіп қатты қуанып отырмыз. Жаңалықты ести сала, 100 адамға шақтап той өткізуге тойханаға тапсырып бердік».

Қазақстанда пандемия басталғалы алғаш рет той өткізуге рұқсат берілді. Алайда тойханаларға Ashyq қосымшасы «қауіпсіз» мәртебесін көрсеткен қонақтар ғана кіре алады.

Ержан БАЙТАНАЕВ, ҚР Санитария-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі:

«27 қыркүйектен бастап ашық қосымшасынан қауіпсіз деген статуспен, яғни жасыл белгілері бар азаматтар үшін тойға баруға рұқсат. Осыған орай, 27 қыркүйектен «Ashyq» жүйесі бойынша бекітілген ережелерді сақтай отырып, отбасылық шараларды, конференция, форум, көрме, марафон, спорттық жаттығулар мен ойын клубтарының қызметін ұйымдастыруға рұқсат етілді. 16 елмен әуе қатынасы жанданады. Әрі 30 мемлекетпен елімізге кіру үшін визасыз режим қайта басталады».

Әйтсе де, қалпақты аспанға лақтырып, қуануға әлі ерте. Себебі індет кез келген сәтте қайта өршуі де мүмкін. Сондықтан той жасаудың ең алғашқы шарты – «Жасыл» аймақтар қонақтар залдың жартысын ғана толтыруы, яғни 100 орыннан аспауы керек. Ал, «Сары» аймақта бұл шектеу – 70, ал «Қызыл» өңірлердегілер үшін – 50 орын.

Шыны керек, тіпті карантиннің өзінде тығылып той жасағандар тыйылған жоқ. Бұған – үздіксіз жасалған рейдттер нәтижесі дәлел. Тойхана иелері мен кәсіпкерлер қаншама несібеден қағылғандарын айтып ақталатын. Енді олар ешкімнен жасырынып, қашып-піспей-ақ есіктерін айқара аша алады. Тек барлық санитарлық талапты сақтаса болды.

Қыдырәлі РЫСБЕКОВ, кәсіпкер:

«Әрине, біздің тойханада даяшылар, аспаздар бар, қанша адам осы жерден нәпақа тауып отыр. Осы карантин басталғалы жұмыссыз қалған еді соның көбі. Оның үстіне бәрімізде несие бар. Бүгін үкіметаралық жиналыста тойға рұқсат беру туралы шешім қабылапты. Яғни 100 адамға шақтап үлкен той, банкет жасауға болады делінген. Бұны естіп, бәріміз қуанып отырмыз».

Тек той ғана емес, ендігіде конференция, форум және басқа да бұқаралық шаралар мен көрмелер өткізуге де рұқсат. Бұған қоса, таза ауада марафон ұйымдастырып, көрермендердің қатысуымен спорттық шаралар өткізуге де болады. Демек, спорттық-сауықтыру орталықтары мен спорт кешендерінің, ойын клубтарының да қызметі жан бітеді деген сөз.

 

Tags: карантинпандемиярұқсаттойқаулы
Алдыңғы жаңалық

6,5 млн тонна астықты экспортқа шығаруға мүмкіндік бар

Келесі жаңалық

«Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

«Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz