Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Әлем

Талибан қайта билікке келді. Ауған әйелдері мен қыздарын не күтіп тұр?

24 августа, 2021
in Әлем
0
1
SHARES
218
VIEWS

Талибан (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Кабулды басып алған күн ауғандықтар үшін ең қаралы күндердің бірі болды.  Тәліптерден ерлер де, әйелдер де қорқады.

«Бұл күн есімнен кетпейді. Мен кеңсемнен шығып, Кабул көшелерімен үйіме қарай жүгірдім. Тәліптер мені көрсе өлтірулері мүмкін еді, себебі іскерлік костюмде болдым. Олар үйме-үй тінтімейміз деп уәде беріп жатыр, бірақ мен оларға сенбеймін» – дейді ауғандық әйел. Ол тәліптер келмей тұрып мемлекеттік қызметте екі жыл қызмет атқарған.

«Біз олардың қатыгездіктерін көрдік, оларға қалай сенуге болады?» – деп жалғастырады ол. «Мен қорқыныш пен үрейден түнде ұйықтай алмаймын. Елден шығу үшін визамды күтіп жүрмін, бірақ оны аламын ба жоқ па белгісіз. Мен Ауғаныстанда қалсам жұмыс жасауға рұқсат береді дегенге сенбеймін. Біз үшін бәрі бітті деп ойлаймын. Мен болашақтан үмітті үздім».

Тәліптер Ауғаныстанды 1996-2001 жылдар аралығында басқарды. Олар билік басында болғанда 10 жастан асқан қыздар мен әйелдерге білім алуға шектеу қойды. Жұмыс істеуге және қасында туыс ер адам болмаса, үйден шықпауын талап етті. Олар басынан бақайшағына дейін жауып тұратын бурка, паранджа киюге мәжбүр болды.

Неке адалдығын бұзды деп айыпталған әйелдерді көшенің ортасында таспен ұрып өлтірді.

Талибан содырлары 1996 жылы тырнақтарын бояған әйелдердің бас бармағының ұшын кесіп тастап отырған.

Енді қайта билікке келген тәліптер бұл жолы жағдай басқаша болады деп сендіруде.

ОЛАРДЫҢ «ЖҰМСАРҒАНДАРЫ» РАС ПА?

Билікті басып алған күні баспасөз маслихатын өткізген «Талибан» қозғалысының өкілдері әйелдерге жұмыс істеуге және білім алуға рұқсат етіледі деп сендірді.

«Біз әйелдерге қатысты ешқандай зорлық -зомбылық болмайды деп айта аламыз », – деді лаңкестік ұйымның баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид. «Әйелдерге ешқандай алалаушылық болмайды, бірақ біз ислам құндылықтарын басты негізге аламыз», – дейді ол.

Алайда ауған әйелдері мен қыздары бұл мәлімдемеге күмәнмен қарайды.

Қазірдің өзінде бірнеше провинцияда әйелдерге ер адамсыз үйден шығуға, саясатпен айналысуға, көпшілік алдында сөйлеуге, шашы мен денесін ашып жүруге тыйым салынған.

Ауғанстанның батысында орналасқан ірі қалалардың бірі Гератта тәліптер университеттің есігін торуылдап, студент қыздар мен мұғалімдерді оқу ғимаратына кіргізбей кері қайтарған.

Ал оңтүстікте орналасқан Кандагар қаласында әйелдерге арналған емханалар жабылған. Медицина қызметкерлерінің барлығы ер адам болғандықтан, әйелдер ер адамсыз ауруханаға барып емделуі де мүмкін емес жағдайға жеткен.

Кабулда универститет жатақханасында студент қыздарға ер адамсыз бөлмеден шығуларына тыйым салынған. Соның кесірінен, Кабулда еркек кіндік туыстары жоқ студент қыздар нағыз «тұтқынға» түскендерін айтады.

Мазари-Шариф қаласында орналасқан университеттің професоры, 27 жастағы Әлия Казими New York Times басылымына берген сұхбатында, базарға жалғыз барған әйелдерге саудагерлер ер адамсыз қызмет көрсетпейтінін айтады.

Rukhshana Media-ның хабарлауынша Бамиан провинциясындағы мешіт имамдарына жесірлер мен тұрмыс құрмаған бойжеткендердің тізімін жасалсын деген бұйрық келген. Бұл талибан содырларына күштеп некеге беру үшін жасалуда деп қорқады жергілікті тұрғындар.

«Азаттық» радиосы парламенттің Тахар уәлаятынан шыққан өкілі Хабиба Данеш тәліптердің жалғызбасты немесе жесір әйелдерді өз содырларына тұрмысқа шығуға мәжбүрлеп жатыр дейді. Исламшылдардың бақылауындағы басқа да аудандардан осындай расталмаған хабарламалар келген.

Тағы бір тұрғын тәліптер аудандағы кедейлікке қарамастан, күніне үш рет жауынгерлерді тамақтандыруды бұйырғанын айтады.

«Адамдарды тамақ жасауға, ұйықтайтын орын беруге мәжбүрлейді», – дейді ол.

Human Rights Watch ұйымы Талибан содырлары Ауғанстан үкіметін қолдайтындарды мәжбүрлеп көшіріп, үйлерін өртеп жатыр деп айыптады.

«Талибанның үкіметті қолдайтын азаматтарды жазалауы әлі талай айуандық болатынын ескертетіндей», – дейді Human Rights Watch ұйымының Азиядағы директор орынбасары Патрисия Госсман.

Қысқасы, Ауғанстан халқы белгісіздік әрі қауіп құрсауында тұр. Билікке оралған талибандар «жұмсарғандарын» білдіріп, ресми мәліметтер таратқанымен бұл мемлекетте адам құқығы, әсіресе, әйелдер құқығын қорғау мәселесінде әлі көптеген қиындық кездесе беретіні байқалады. Бәріне уақыт төреші…

 

Tags: адам құқығыауған әйелдеріАуғаныстанТалибанқыздары
Алдыңғы жаңалық

Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырды

Келесі жаңалық

Маңғыстауда алғаш рет жаңбыр жаудыру технологиясы қолданылады

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

13 мая, 2025
Өзбекстанда да жер сілкінісі болды
Басты жаңалықтар

Өзбекстанда да жер сілкінісі болды

5 марта, 2024
Қазақстан

Қытайдың үш автокөлік бренді Қазақстанда зауыт ашуға ниетті

17 октября, 2022
Әлем

2023 жыл ТМД-да орыс тілі жылы болып жарияланбақ

14 октября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ

19 мая, 2025

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өнер майталманы Гүлшат Тутованы қабылдады

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 142 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

19 мая, 2025

АУДАН ӘКІМІ «ҚАСИЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

19 мая, 2025

19 мая, 2025

ШАРДАРА: ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫ ҰРПАҚҚА МҰРА

19 мая, 2025
Келесі жаңалық

Маңғыстауда алғаш рет жаңбыр жаудыру технологиясы қолданылады

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

saqnews.kz
13 мая, 2025
0

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz