Талдықорғанда Назарбаевтың мүсінін құлатқан Азамат Батырбаевқа қатысты сот шешімі шықты

Жетісу облысында Назарбаевтың мүсінін құлатты деп айыпталған 38 жастағы Азамат Батырбаевқа қатысты сот шешімі шықты

Азамат Батырбаевқа қатысты шешім Талдықорған қалалық сотында шығарылды.

“Тергеу материалдары сотқа айыпталушының өз кінәсін мойындау туралы процессуалды келісімімен түсті. Сот шешіміне сәйкес ол 4 жыл 6 ай көлемінде шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл уақыт аралығында сотталушыға пробациялық бақылау тағайындалады”, – деді қалалық сот өкілдері.

 

Үстіне үтік басқан: Азамат Батырбаевты азаптау дерегі бойынша күдікті қамауға алынды

“Азаптағаны, үтік басып қинағаны рас”: Адвокат Назарбаевтың ескерткішін құлатты деп айыпталған жігітке қатысты тың деректермен бөлісті​​​​​​​

 

Айта кетейік, бұған дейін қаңтардағы оқиғалар кезінде ұсталып, азапталған Азамат Батырбаев өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге қол қойғаны туралы хабарлаған едік.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *