Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Мәдениет

Сауытбек Әбдірахманов – 70 жаста

10 ноября, 2021
in Мәдениет
0
0
SHARES
36
VIEWS

Осыған орай, Түркістандағы «Farab» кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерінің әдеби кеші өтті. Кешті жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт жүргізіп, мерейтой иесінің болмысы мен қайраткерлігі, шығармашылығынан сыр шертіп отырды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев іс-шараға арнайы қатысып, қаламгерді құттықтады.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

«Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Елбасының өңірімізді Түркістан облысы деп атап, оның орталығы ретінде тарихи Түркістанды белгілеуі – Тәуелсіздіктің айқын жемісі деп білемін. Көне шаһарды қайта дамытып, Түркі елдерінің мәдени астанасына айналдыру жайлы жоспары ақиқатқа айналды. Еліміздегі журналистиканың ардагері әрі ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан азамат ретінде Сіздің мерейтойыңыздың осы тарихи кезеңдермен тұспа-тұс келуі – зор қуаныш. Бұл тойдың Түркістан төрінен бастау  алуы – заңдылық. Өз ісінің кәсіби маманына айналып, өзіңізден кейінгі буынның қалыптасуына қаламгер, саяси қайраткер ретінде зор еңбек сіңірдіңіз».

Рухани кеште Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Ерман, ҚР Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдаулет, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқаровтар құттықтау сөз сөйлеп, Сауытбек Абдрахмановтың журналистика, әдебиет, саясат, руханият салаларына сіңірген еңбектерін жоғары бағалады.

Түркістан өңірінің Әсима Айтуарова, Абзал Молдабеков, Айнұр Әбілдаева, Азамат Қалыбаев сынды әншілері әннен шашу шашса, жас ақын Мұқағали Кенжетайұлының мерейтой иесіне арнауын Руслан Ақымбеков орындады. «Farab» кітапханасындағы кешке еліміздің әр өңірінен қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылармен қатар жергілікті әдебиетсүйер қауым да қатысып, рухани ләззат алып қайтты.

Осы күні Түркістанда «Ramada Plaza» қонақ үйінің де ашылу салтанаты өтті. Оған зиялы қауым өкілдері мен қаламгерлер, қоғам қайраткерлері арнайы қатысты.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 70 жылдық мерейтойМархабат БайғұтСауытбек ӘбдірахмановТәуелсіздік 30 жыл
Алдыңғы жаңалық

Ресейлік көліктер көшеге шыға алмай қалды

Келесі жаңалық

Әлемде теңдесі жоқ жерасты мешіті салынбақ

Ұқсас жаңалықтар

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ ТҮРКІСТАНДА БЕС КҮН БОЙЫ ҮЗДІК ҚОЙЫЛЫМДАРДЫ САХНАЛАЙДЫ
Басты жаңалықтар

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ ТҮРКІСТАНДА БЕС КҮН БОЙЫ ҮЗДІК ҚОЙЫЛЫМДАРДЫ САХНАЛАЙДЫ

13 мая, 2025
ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫНДА «МӘҢГІЛІК БАЛА БЕЙНЕ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫНДА «МӘҢГІЛІК БАЛА БЕЙНЕ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ

13 мая, 2025
«Қолөнершілер қалашығын» дамыту жолдары пысықталды
Аймақ

«Қолөнершілер қалашығын» дамыту жолдары пысықталды

2 апреля, 2025
Төлеби ауданында 30 мыңға жуық көшет егілді
Аймақ

Төлеби ауданында 30 мыңға жуық көшет егілді

28 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ

19 мая, 2025

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өнер майталманы Гүлшат Тутованы қабылдады

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 142 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

19 мая, 2025

АУДАН ӘКІМІ «ҚАСИЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

19 мая, 2025

19 мая, 2025

ШАРДАРА: ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫ ҰРПАҚҚА МҰРА

19 мая, 2025
Келесі жаңалық

Әлемде теңдесі жоқ жерасты мешіті салынбақ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

saqnews.kz
13 мая, 2025
0

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz