Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қазақстан

Президент тапсырмасы: Қазақстанда кімдердің жалақысы өседі

10 сентября, 2021
in Қазақстан
0
0
SHARES
206
VIEWS

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Қымбат Әлиакпарқызы көптің көкейіндегі сауалдарға жауап берді деп жазады Қазақпарат.

«2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын іске асыру аясында ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.

Бұл шара 1,6 миллион жұмыскердің, оның ішінде 430 мың азаматтық қызметшінің айлығын өсіреді.

Бүгінгі таңда біліктілігі жоқ қарапайым қызметкер – азаматтық қызметші ең төменгі жалақы ретінде 49 мың теңге алып жүр. Солардың айлығы келер жылдан бастап 60 мың теңге болады.

Бұл ретте 2025 жылға қарай біліктілігі жоқ қарапайым қызметкердің, азаматтық қызметшінің ең төменгі жалақысы жыл сайын біртіндеп өсе отырып, 98 мың теңгеге жетеді. Қарапайымдап айтсақ, бұған дейін 60 мың теңгеден төмен айлық алып келгендердің бәрінің еңбекақысы 2022 жылдан бастап көтеріледі. Олардың саны 1,6 млн қызметкер», — деді ол.

Қымбат Әлиакпарқызының сөзінше, ең төменгі жалақы мөлшерінің ұлғаюы басқа қызметкерлердің жалақысын өсірмейді.

«Мысалы, егер қызметкердің жалақысы 200 мың теңге болса, бұл оның да жалақысын көтеру керек дегенді білдірмейді. Бұл шара ең алдымен жалақысы 60 мың теңгеден төмен адамдардың табысына әсер етеді. Жалақысы 60 мың теңгеден жоғары жұмысшылардың басқа санаттары үшін аталмыш шараның табысына әсері жоқ.

2020 жылы жүргізілген талдау бойынша, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы қызметкерлері 60 мың теңгеден төмен жалақы алып келген. Шамамен 47%-ы осындай айлық алады. Бұл 131 мың адам деген сөз. Қызмет көрсету, қонақүй және тамақтану саласындағылардың 44%-ы да осы санатта, шамамен 68 мың адам. Көтерме-бөлшек сауда саласында 413 мың адам, яғни 45%-ы 60 мың теңгеден аз алып жүр», — деді еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры.

Осы орайда Қымбат Әлиакпарқызы еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны арттыру аясында қандай шаралар қабылдап жатқанын жеткізді.

«Біз қазір азаматтық қызметшілердің жалақысын көтеруге бюджеттік өтінімдер жинап жатырмыз. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 60 мың теңгеден аз алып келген қызметкерлердің айлығы осы өтінімдер негізінде көтеріледі. Қызметкердің жалақысының нақты мөлшері оның біліктілік санатына, жұмысының ауырлығы мен көлеміне байланысты. 60 мың теңгенің үстіне істеп жүрген жұмысының көлемі, ауырлығы, еңбек өтілі, біліктілік санаты қосылады. Жалақы осының бәрінің негізінде көтеріледі», — деді ол.

Сонымен қатар, департамент басшысы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын 2022-2025 жылдар аралығында 20%-ға арттыру шарасы туралы сөз қозғады.

«Үкімет нақты экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерге сүйене отырып, азаматтық қызметшілердің жалақысын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп келеді.»

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды. Мысалы, педагогтің жалақысы 2019 жылы 210 мың теңге болса, 2023 жылы ол шамамен 400 мың теңге алатын болады. Яғни, 4 жылдың ішінде екі есе өседі.

2021 жылдан бастап әлеуметтік сала қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 2023 жылға дейін кезең-кезеңмен арттыру басталды. Мысалы, медбикенің жалақысы бұрын 115 мың теңге болса, 2023 жылға қарай жалақы 215 мың теңгеге жетеді. Ал әлеуметтік қызметкер жалақыны көтергенге дейін 94 мың теңге алса, 2023 жылға қарай оның жалақысы 248 мың теңге болады. Осы шаралардың бәрі шамамен 600 мың азаматтық қызметшінің табысына әсер етеді. Алайда, осы өзгерістерге ілінбей қалған санаттар бар.

Tags: айлықжалақыкөбею
Алдыңғы жаңалық

Түркістан: Шетелдік азаматтардың емханаға тіркелу ережелері өзгерді

Келесі жаңалық

Созақта жаңбырлатып суару технологиясы дамып келеді

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

30 мая, 2025
ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Басты жаңалықтар

ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

10 мая, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:
Cаясат

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:

24 апреля, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Созақта жаңбырлатып суару технологиясы дамып келеді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz