Президент Жарлығы: Үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағы берілді

Президент Жарлығымен Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағы берілді. Олар 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясының мергені – Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы, 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Несмиянов Александр Александрович және 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мерген-бақылаушысы – Ыбырайым Сүлейменов. Сондай-ақ Қасым Жомарт Тоқаев бірнеше офицерлерге әскери және арнаулы атақ пен шен берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *