Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Cаясат

Польша мен Беларусь арасы ушыға түсті

10 ноября, 2021
in Cаясат, Әлем
0
0
SHARES
69
VIEWS

Себебі Беларусь елін артқа тастап, шекараны кесіп өтпек болған мыңдаған босқын тікен сымды бұзып, поляк шекарашылары және полицейлерімен қақтығысқа түскен. Елдің қорғаныс министрлігі оқиғаның видеосын жариялады. Польша үкіметі шекарадағы қауіпсіздікті күшейту үшін тағы 12 мың сарбаз әкелді.

Қазір екі мемлекет шекарасына Таяу Шығыс пен Африкадан бас сауғалаған 4 мыңға жуық мигрант жиналған. Бұдан бөлек Беларусьтің ішкі аймағында тағы 10 мыңнан аса босқын Еуропаға өтуге дайындалып жатыр екен. Шекарадағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Варшава Кузница мекеніндегі бақылау-тексеру бекетін жауып тастаған.

Павел Солох, Польша Ұлттық қауіпсіздік бюросының басшысы:

«Ел шекарасындағы жағдай драмалық фильмге ұқсайды. Босқындардың шекараға шабуылы үзіліссіз жалғаса бере ме деп қорқамыз. Біздегі бар ақпарат бойынша агрессивті топтар бұдан да зор күшпен шабуылдамақ. Олар: жас, күші толысқан ер адамдар, арасында бірақ балалар да бар».

Польша президенті Анджей Дуда осы мәселеге байланысты кезектен тыс шұғыл үкімет отырысын өткізді. Бастапқыда босқындар Литва шекарасын торуылдағанымен, соңғы апталарда Польшамен шекараны бұзып өтпек. Елдің қорғаныс министрі Мариуш Блащак шекараға 12 000 сарбаз жіберілгенін және бірде-бір босқынды өткізбеу үшін қажетті барлық шаралардың қолға алынатынын өзінің твиттердегі парақшасында жазған.

Петр Мюллер, Польша үкіметінің ресми өкілі:

«Польша-Беларусь шекарасында мұндай жағдай бұрын соңды  болмаған. Беларусь билігі Еуроодақ санкциялары үшін босқындарды шекараға әдейі бағыттап жатыр деп санаймын. Шекарашылар, полиция мен әскерилердің арқасында күш қолдана отырып, өтпекші болған босқындардың заңсыз әрекетіне тоқтау қойылды. Ештеңеден тайынбайтын мыңдаған адам Польшаға қауіп төндіріп тұр деп айта аламын».

Тағы бір ерекше жайт, Польша осы уақытқа дейін Еуропалық Одақтың шекаралық бақылау қызметі «Фронтекстің» ұсынған көмегінен бас тартып келді. Қалыптасқан жағдайдан кейін Одақ өз көмегін қайтадан ұсынып отыр.

Петр Мюллер, Польша үкіметінің ресми өкілі:

«Қазір бірнеше мың әскери мен полицей шекараны күзетуде. Әсіресе, босқындардың шабуылына төтеп бере алмайды деген қауіп басым аймақтарға баса назар аударудамыз. Сондай-ақ, шекарада әскери қақтығыс қаупі де жоқ емес. Дегенмен, біз одан қорқамыз деу қате. Себебі, көршілес ел тарапынан арандатушылық қадамдар кез келген сәтте басталуы мүмкін».

Болжам бойынша, Беларусь президенті Александр Лукашенко былтырғы наразылық акцияларын басып-жаншыған кезде Еуропалық Одақ тарапынан санкция салынған еді. Осыған қастасқан ол Таяу Шығыстан келген босқындарды әдейі жіберіп, қаржыландырып отыр деген пікір басым. Ресми Минск бұл айыптауды жоққа шығарып, мигранттық дағдарыс үшін көрші елдерді сынға алды.

Tags: БеларусьбосқынПольшасарбазсоғысшекара
Алдыңғы жаңалық

380 миллион теңгені жымқырған

Келесі жаңалық

88 гектар бақ жайқалып тұр

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

30 мая, 2025
Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады
Cаясат

Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады

28 мая, 2025
Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады
Cаясат

Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады

23 мая, 2025
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

13 мая, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

12 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

12 августа, 2025
Келесі жаңалық

88 гектар бақ жайқалып тұр

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 41 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: 41 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

saqnews.kz
26 мая, 2025
0

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz