Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Министр Дүйсенова зейнетақы жасын төмендету керектігін айтты

Министр Дүйсенова зейнетақы жасын төмендету керектігін айтты
8 июля, 2022
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
35
VIEWS

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Әйелдер қозғалысы өкілдерімен зейнет жасын төмендету мәселесі бойынша кездесу өткізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бұл — Дүйсенованың қозғалыс өкілдерімен бесінші кездесуі. Министр арнайы жұмыс тобы белсенділердің ұсыныстарын жан-жақты зерттегенін, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсынылатын тәсілдер туралы айтты.

Кездесуге қоғамдық қозғалыс өкілдері Майкен Биғарстанова, Марина Бачаева, Ольга Смирнова, Жанар Жібегенова, Ләйлә Оспанова, Қарлыға Ахметбекова, Гүлнар Смайылханова және Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шөжеева қатысқан.

Министр ұсыныстарды зерделеу кезінде мынадай факторлар ескерілгенін айтты:

  • 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін, яғни жинақтаушы жүйе енгізілгенге дейін жинақталған еңбек өтілі үшін алынатын ынтымақты зейнетақы жүйесі мөлшерінің кемуі;
  • экономиканың түрлі секторларындағы жасы 50-ден асқан әйелдердің табыс деңгейі;
  • әйелдердің зейнеткерлік демалысқа ерте шыққан кездегі зейнетақыларының болжамды мөлшері, олардың табыстары және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі.

Министр еңбек өтілі жоқ және бүгінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспайтын қазақстандықтар үшін 50+ жасында зейнетке ерте шығу лайықты төлемдерді қамтамасыз етпейтінін де ескертті.

Бұл ретте қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтарға зейнетке ерте шығу құқығы беріледі. Осылайша, зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары 55 жасқа (ерлер) және 52,5 жасқа (әйелдер) толғанда жеткілікті болған кезде қазақстандықтар зейнетақы аннуитетін рәсімдей алады (зейнет жасына жеткенге дейін зейнетақы жинақтарынан төлем алу құқығы). Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар зейнетақы аннуитетін 40 жастан бастап пайдалана алады, бұл ретте осындай шарттар бойынша төлемдер 50 жастан басталады.

Тамара Дүйсенова қозғалыс белсенділеріне азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында министрлік әзірлеген жаңа тәсілдер жөнінде де айтты.

«Біз базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде параметрлерді өзгерту туралы бастама көтердік. Қазір біздің ұсыныстарымыз басқа да мүдделі мемлекеттік органдарда қаралады, егер қолдау тапса — бұл келесі жылдан бастап бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жұмыс істеп жүрген және болашақта құрметті демалысқа шығатын зейнеткерлер де оң әсерін тигізеді.

Сондай-ақ, «Күміс жас» жобасының тетіктерін зейнет жасына дейінгі әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін қайта қарастырамыз. Атап айтқанда, біз жобаға қатысу мерзімін 3 жылға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз және әйелдерді жұмысқа орналастыру үшін бюджет қаражаты есебінен олардың жалақысын ішінара субсидиялай отырып, арнайы бағыттарды қарастырамыз. Бұл олардың зейнетке шыққанға дейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне барынша белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Бұл әсіресе еңбек өтілі аз және зейнетақы қорында жинағы аз әйелдер үшін өте маңызды», — деді министр.

Қозғалыс өкілдері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген тәсілдерді оң бағалады.

Алдыңғы жаңалық

Қант сатылады: алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдап жүр?

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ЖОЛ КАРТАСЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025
ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025
АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025
АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДА ЖОЛ КАРТАСЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАНДА ЖОЛ КАРТАСЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz