Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы жаңа препаратты клиникалық хаттамаға енгізуді қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек саясаты департаментінің басшысы Бауыржан Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Әлемде КВИ-ді емдеу үшін қолданылатын бірқатар дәрі-дәрмек бар. Бірақ ол препараттар зерттеудің соңғы кезеңінен өткен жоқ. Дегенмен, бірқатар елдер кейбір дәрі-дәрмектерді шұғыл жағдайда қолдануға ұсыныс беріп отыр. Қазір бұл бағытта біздің клиникалық хаттаманы әзірлеуші мамандар белсенді жұмыс істеп жатыр. Жақын арада жұмыс нәтижесін жариялаймыз. Бір ай ішінде белгілі болып қалады», – деді Бауыржан Жүсіпов ОКҚ-де өткен брифингіде. Айта кетсек, қазір орталық коммуникациялар қызметі алаңында еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.
Related Posts
Ертең Қайрат Сатыбалдының соты басталады
Ертең Астана қаласында Қайрат Сатыбалдының ісіне қатысты сот отырысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы агенттік тілшісіне Астана қалалық…
БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ – ЕЛДІКТІҢ НЕГІЗІ
Қоғамның тұрақты дамуы мен мемлекетіміздің өркендеуі — халық арасындағы бірлік пен ынтымаққа тікелей байланысты. Ел Президенті мен мемлекет басшылығы әрдайым…
Біртанов ісіне Мамин, Тоғжанов, Мусин және Дүйсенова куәгер болады
Бүгін экс-министр Елжан Біртановтың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті – деп хабарлайды Turkistan Zaman ақпарат сайты BAQ.KZ сілтеме жасап.…