Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Кепілге қойылған құжаттарын ала алмай жүрген түркістандықтар шу шығарды

Кепілге қойылған құжаттарын ала алмай жүрген түркістандықтар шу шығарды
19 мая, 2022
in Өзекті мәселе
0
0
SHARES
14
VIEWS

«Несиемізді толық өтесек те, банк кепілдегі мүлкімізді бермей отыр». Кентаулық 100-ге тарта тұрғын осылай деп арнамызға жүгінді. Анықтағанымыздай жұртты зар қақсатып жүрген «Яссы Несие» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екен. Ондағылардың құжатын сұрап барған көпшілікті құр уәдемен шығарып салып жүргеніне 1 жылдан асыпты.

«Яссы несие» ЖШС алдына жиылған мына жұрт, бұл жолы несие алу үшін емес, заңды мүлкін қайтарып беруді талап етіп келген. Бірі кепілге үйін, бірі көлігін қойып ақша алған тұрғындар, қарызынан толықтай құтылғанымен мүліктерінен айырылып қалған.

Жәбірленуші:
«Қайын атамның үйін кепілге қойып несие алған едім. Қарыздан толық құтылғанымда тек бір жапырақ қағаз берді. Бірақ үйдің құжаттарын әлі ала алмай жүрмін. Ал, мынау қағаз еш жерге жарамсыз…»

Әбден ашынған тұрғындар ауыл шаруашылық мақсатында несие беруші мекеменің басшысымен тілдесуге келген. Алайда, банк қызметкерлері жиылған жұртқа жекіп, күш көрсетуге дейін барды.

Шыдамы таусылған тұрғындар мекеме директорының кабинетіне басып кірді. Белгілі болғандай бұл ұйымды бұған дейін басқарған азамат алаяқтық бойынша 5 жылға сотталған екен. Онымен қоса оған сыбайлас тағы 3 адам істі болған. Ал, жаңа басшы келеңсіздіктің бәрі сол болғанын және мәселені жақын арада шешетінін айтады.

Алишер Юлдашев – «Яссы несие» ЖШС директоры:
«1 жылға уақыт сот болды. Сотталуы керек адамдар сотталды. Енді мен сіздерге құжаттарыңызды қайтарып беремін деп отырмын. Қайтарамаймын деген жоқпын».

Ал, тұрғындар бұл сөздерді бұған дейінде бірнеше рет естіп, құлағымыз жауыр болды дейді.

Нұрғали Бексінов – жәбірленуші:
«Ертең сіз мекеменің алған қарызын төлей алмай қалсаңыз, аграрлық несие корпарациялары біздің дүние-мүлкімізді тартып алады. Ал, біз сонда не істейміз?»

Мекеме басшысының айтуынша, кепілге қойылған мүліктердің құжаттары «Аграрлық несие корпорациясында» екен. Себебі, «Яссы несие» ЖШС-не 9 млрд теңгеге жуық қарыз берген дәл сол мемлекеттік ұйым. Ал, ондағылар , халықтың мүлкі өздеріне кері қайтады, тек уақыт керек дейді.

Жалпы, «Яссы Несие» ЖШС-нен 500-ге тарта азамат кәсіптерін дөңгелету үшін несие алған. Оның тең жартысы қарызынан құтылып, кепіл мүліктерін қайтарып алғандар. Ал, алаяқтарға алданып қалдық па деп қорыққан жұрт мәселе дереу шешімін таппаса президентке хат жазамыз деп отыр.

Tags: Turkistanzaman.kzКепілге қойылған құжаттарын ала алмай жүрген түркістандықтар шу шығарды
Алдыңғы жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді

Келесі жаңалық

Ақмола облысында базар өртеніп, бір адам қаза болды

Ұқсас жаңалықтар

ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Басты жаңалықтар

ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

23 апреля, 2025
Үкіметтік жұмыс тобы жер сілкінісі болған Жамбыл облысына жіберілді
Аймақ

Үкіметтік жұмыс тобы жер сілкінісі болған Жамбыл облысына жіберілді

28 марта, 2025
Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады
Аймақ

Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады

18 марта, 2025
Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды
Cаясат

Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды

17 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

20 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ САРАЛАНДЫ

20 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ЖОБАЛАР МАҚҰЛДАНДЫ

20 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ СУҒА ШОМЫЛУ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

20 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ

19 мая, 2025

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өнер майталманы Гүлшат Тутованы қабылдады

19 мая, 2025
Келесі жаңалық
Ақмола облысында базар өртеніп, бір адам қаза болды

Ақмола облысында базар өртеніп, бір адам қаза болды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

saqnews.kz
13 мая, 2025
0

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz