Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Кентаулық тұрғындар апатты үйде тұрып жатыр

Кентаулық тұрғындар апатты үйде тұрып жатыр
7 апреля, 2022
in Өзекті мәселе
0
0
SHARES
15
VIEWS

Төбемізден жай түсіп, өлгенімізді күтіп отыр. Осылай деп ашынған Кентау қаласындағы апатты үй тұрғындары редакциямыздан араша сұрады. Халық арасында «Сталинка» деп аталып кеткен, екі қабатты үйдегі пәтерлердің қабырғалары әне-міне құлауға жақын. 2020-ы жылы үй апатты болып танылғанымен, тұрғындарға ешкім көмектесуге асығар емес.

Кентаудағы геноцид. Бұл жағдайды басқаша түсіндіру қиын. 2000-ы жылдардың ортасында бұл көппәтерлі тұрғын үйде алғаш проблемалар туындай бастаған. Бірақ, жергілікті құзырлы органдар бірден көмектесе қоймапты. Ат үсті қарағаны сонша, үй бір кездері қала балансынан жоғалып кеткен. Оны да тұрғындар әкімдік табалдырығын тоздырып жүріп қайта енгізген. Бұл үй тұрғындарының айтуынша, олардың жазған арызынан кітап жазуға болады.

Фархат Сатыбалдиева — Апатты үйдің тұрғыны:
«Осы үйлеріміз биылдыққа шыдайды ма, шыдамайды ма білмеймін. Қазірдің өзінде өзіміз үшін жөндеу жұмыстарын жасаймыз. Бір бөлмені жасасақ, екінші күні жарылып жатады».

70 жастағы Райхан Тірекова осы пәтерде жалғыз өзі тұрады. Бір өкініштісі, әжей бұл мәселенің шешілетінінен күдерін үзген. Өмірімнің соңын апатты үйде өткіземін бе деп қорқады. Олай деуге себеп жоқ емес. Жел тұрғанда үйдің қабырғалары біртіндеп түсетін көрінеді.

Райхан Тірекова – Апатты үйдің тұрғыны:
«Елдер 20 жыл, 30 жыл тұрады ғой. Енді менің жасым 70-ке келдім ғой. Мен ол кезекті күткенімен, Құдай білсін, мен ертең кетіп қалатын адаммын. Менің қан қысымым бар. 200 болады, 220 болады. Кейде құлап қаламын. Мен ол тамға жете алмаймын ғой, расын айтқанда».

Қалалық әкімдік тұрғындардың арыз-шағымына тұрақты түрде жауап қайтарады. Ол жауапта екі ұсыныс жасайды. Біріншісі, үй кезегіне тұру. Екіншісі, үй кезегі келгенше әкімдік төлейтін пәтерге көшу. Бірақ, оған тұрғындар келісер емес. Оған да келісейін десе, бір-екі ай төлеп, кейін әкімдік пәтерақыны төлемей орта жолда тастап кеткен жағдайлар болған екен. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, көмектескісі-ақ келеді, бірақ заңдағы шектеулер кедергі келтіріп тұр. 2014-і жылдан бастап, апатты үйге өтемақы төлеу тоқтап қалған. Біздің қолымыз байлаулы дейді олар.

Қанат Қозбағаров – Кентау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
«Енді біз тұрғындарға жауап берілген, ұсыныс берілген. Апатты деп танылғаннан кейін тұрғындар апатты деп танылса ҚР заңына сәйкес сондай санат бар. Кезекке тұра алады. Осы үй апатты деп танылған. Кезекте 41 адам тұр. Өтініштерін тастап осы кезекке тұра алады».

Тұрғындар осы жолы да әкімдік көмектеспесе, Президентке үндеу жолдаймыз және сотқа шағымданамыз деп отыр.

Tags: Turkistanzaman.kzКентаулық тұрғындар апатты үйде тұрып жатыр
Алдыңғы жаңалық

«Көлкент – Манкент шипажайы» бағытындағы жол жөнделуде

Келесі жаңалық

«Емханасыз қаламыз ба?» деген шымкенттіктер шу шығарды

Ұқсас жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ
Басты жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

4 июня, 2025
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

2 июня, 2025
N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
«Емханасыз қаламыз ба?» деген шымкенттіктер шу шығарды

«Емханасыз қаламыз ба?» деген шымкенттіктер шу шығарды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz