Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Кентауда мүгедектер наразылық білдірді

Кентауда мүгедектер наразылық білдірді
21 июля, 2022
in Басты жаңалықтар, Өзекті мәселе
0
0
SHARES
16
VIEWS

«Дәріханадан дәрі ала алмаймыз. Себебі онда бізге кіруге жағдай жасалмаған». Кентаулық бір топ мүмкіндігі шектеулі жандар осылай дейді. Айтуларынша, қалада мемлекеттік мекемені былай қойғанда, оларға базар аумағы мен дәріханаға бару мұң болған — деп хабарлайды, Turkistan24kz.

Дәріханаға кіре алмау. Бұл кентаулық мүгедектердің бір ғана мәселесі. Бұдан өзге, түйіні тарқамаған бірнеше түйткіл бар. Мәселен, жәрдемақының аздығы оларды сарсаңға салған. Бүгінде бірінші топ мүгедегіне – 69 , екінші топтағыларға 50 мың берілсе, үшінші санаттағылар 38 мың теңге алады.

ДҮЙСЕНӘЛІ ЖҮСІПОВ, 1 – ТОП МҮГЕДЕГІ:

— Бірінші менің талабым мүгедектігі бар адамдардың зейнетақысын болмаса жәрдемақысын көтерсін. Екінші, 1 топтағы мүгедектерге 24 сағат қарайтын жеке көмекшілердің айлығын көбейтсін. Үшінші қоғамдықты орнына келтірсін. Бізді керісінше көбейтсін. Таңнан кешке дейін гүлдің астын тазалап жүрген адамдардың айлығын көбейт десек, 2-3 есе қысқартып тастап жатыр. Бізді өмір бойы кемсітумен келеді.

Бұдан өзге, мүгедектердің тағы бір мұңы бар. Ол еңбекке араласып, қоғамнан өз орындарын табу. Осы мақсатта «мониторингтік» топ ретінде жұмысқа тартқан. Онда олар қала аумағындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындардың стандартқа сай екендігін анықтайды. Бұдан өзге, пандустардың орналасу реттілігін де бақылайтын болады. Десе де олар еңбекке араласқанына ерте қуанғандай. Себебі бастапқыда 80 мың табыс тапқан. Ал бүгінде 40 мың ғана қолымызға түседі дейді.

ДАСТАН ОРЫНБАСАРОВ, 1-ТОП МҮГЕДЕГІ:

— Біздің айлығымыз өте аз. Екінші топтікі де аз. Солардың барлығын көтерсе дейміз. 69 мыңға не келеді қазір? Бір қап ұныңыз 20 мың теңге. 1 кило құмшекеріңіз мың теңге. 69 мыңға 2 ақ пакет аласыз да шығасыз. Түк те келмейді. Қымбатшылық.

Жергілікті әкімдіктегілер болса бұл мәселеден хабардар екен. Айтуларынша, қалада оларға барлық жағдай жасалған. Тек көлік қатынасы әлі де шешімін таппаған.

БАҚЫТЖАН АЙТБАЕВ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

— Бұл кісілердің көп баратын әкімшілік ғимараттың өзінен бұл кісілер айтып жүріп істеткізді. Тиісті арбамен өтуге ыңғайлы жерлерді жасатты. Мониторинг топ арнайы хат беріп жүріп, бұл кісілер істеткізді. 04/14 Жол жөндейді жаңа бардиор қойған сол кезде аналарды ескермей кетіп қалған да. Енді барлық нәрсе бірден бола бермейді ғой.

Қазіргі таңда Кентау қаласы мен Қарнақ, Хантағы, Баялды, Ащысай ауылдарын қоса есептегенде 5717 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың 359-ы бірінші топ, 2625-і екінші, 2550-і үшінші топтағы мүгедектер. Биыл олардың 184 -і жұмыспен қамтылған.

Алдыңғы жаңалық

Өмірзақ Шөкеев бейбіт күннің батырларын марапаттады

Келесі жаңалық

Путиннің денсаулығына қатысты ресми мәлімет шықты

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
Путиннің денсаулығына қатысты ресми мәлімет шықты

Путиннің денсаулығына қатысты ресми мәлімет шықты

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz