Маңғыстау облысында Боранқұл кен орнындағы жатақханадан өрт шықты. Екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазМұнайГаз компаниясының баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай 6 қыркүйек елорда уақытымен шамамен сағат 04.55-те болды. “ҚазМұнайТеңіз” ТМК” компаниясына қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақхана өртенген.
“Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жаудан екі адам көз жұмды, үш адам жарақат алды”, – делінген хабарламада.
Қазір өрт сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.