Өкінішке қарай, Жамбыл облысындағы әскери апат салдарынан көз жұмғандар саны тағы бір адамға ұлғайды. ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, 1983 жылы туған капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды.
Бұл азамат 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасында болған өртті сөндіру кезінде ауыр жарақат алып, денесінің 85 пайызын күйік шалған болатын. Оқ-дәрі сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған ол қоймадағы өртті жоюға бар күшін салды.
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан көз жұмғандар саны 16 болды. Бір әскери қызметкер іздестіріліп жатыр.