Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасының жарылысы кезінде қаза тапқан әскери бөлім қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін:
І дәрежелі «Айбын» орденімен:
Әлімбеков Саят Жанатұлы
Заикин Сергей Владимирович
Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:
Әділбек Әділет Қанатбекұлы
Кеңес Әліби Бексұлтанұлы
Қуатбек Ғафан Жомартұлы
Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы наградталды.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.