Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Жайылым жердің жыры

Жайылым жердің жыры
17 февраля, 2022
in Әлеумет, Өзекті мәселе
0
0
SHARES
18
VIEWS

Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты екі бірдей ауыл тұрғындары шу шығарды. Жайылым жерімізді тартып алды деген Шорнақ және Қосмезгіл ауылының тұрғындары әкімдіктен әділдік сұрайды. Жылдар бойы малын жайып, мамыражай күн кешіп келген ауыл тұрғындарынан маза қашқан. Олардың сөзінше әлдібір бай бағлан 200 гектар жайылым жерді сатып алып, өз кәсібін бастамақ екен.

Саурандық тұрғындар айдың күннің аманында жайылымға жіберген малын осылай шұңқырдан тауып алып жүр. Себебі бұрынғы жайылым жерді қазір ойдым-ойдым қазып, қала берді сыммен қоршап тастаған. Әлдебір бақуытты біреу жайылымға жарап келген 200 гектар жерді сатып алыпты. Тұрғындардың сөзінше мұнда зауыт бой көтермек. Осылайша малдарын жайып келген жайылым біреудің қолына өтіп кеткен.

Жандос Бердалиев — ауыл тұрғыны:
«Ортақ жайылымды қайтарсын. Біз өз ауылымызға мал бағу үшін жем шөп сатып алсақ, жер сатып алсақ онда ол не болды. Ал сырттан келгендер пайдасын көріп жатыр».

Молдаш Бердалиев — ауыл тұрғыны:
«Қосмезгіл ауылы ғана емес Шорнақ бар басқа бар 100 пайыз бәрінде осы мәселе. Жайылымдық жер жоқ. Бұл халықтың басқа шағымы жоқ. Тек Құдайдың қара жерін берсін. Малымызды бағайық»

Тұрғындар жайылым жердің жыры Кентауға қарайтын кезден бері басылмай келеді, дейді. Әкімдік ауылдың жайылымдық 2500 гектар жерін ауданға, 50 гектарын Ораңғайға ауыстырған екен.

Шохан Алиханов – Аудандық ауыл шаруашылық жер қатынастары бөлімінің басшысы:
«Бұл кісілердің айтып жатқаны дұрыс. Бұл бойынша ертең Шорнақ ауылы әкімдігімен жиналыс өткізіп қанша шақырымға дейін мал жайылатынын шешеміз. Соны белгіліп берсе біз жайылымды қайтарамыз».

Осылайша аудандық әкімдік пен жер қатыныстары комитеті жайылымдық жерді қайтарамыз деп уәде етті. Ал тұрғындар мәселе оңынан шешілмейінше малын қорасында ұстауына тура келеді.

Tags: Turkistanzaman.kzжайылым жерді тартып алмақ болған
Алдыңғы жаңалық

Заңсыз шетелге шыққан ақша елге қайтарылады

Келесі жаңалық

Азық-түлік қымбаттамаса, арзандамайды

Ұқсас жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ НАУҚАН БАСТАЛДЫ
Басты жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ НАУҚАН БАСТАЛДЫ

26 ноября, 2025
ТҮРКІСТАН: «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» БАЙҚАУЫНЫҢ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» БАЙҚАУЫНЫҢ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

25 ноября, 2025
Бос жұмыс орындары түріндегі тұзақтар: Азаматтарды интернет-алаяқтық пен адам саудасынан сақтандырамыз
Басты жаңалықтар

Бос жұмыс орындары түріндегі тұзақтар: Азаматтарды интернет-алаяқтық пен адам саудасынан сақтандырамыз

13 ноября, 2025
ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ
Басты жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

4 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
Азық-түлік қымбаттамаса, арзандамайды

Азық-түлік қымбаттамаса, арзандамайды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz