Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Мәдениет

Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы сайланды

10 ноября, 2021
in Мәдениет
0
0
SHARES
41
VIEWS

Түркістанда ақын-жазушылардың «Түркістан – Тәуелсіздік тұғырында»  атты кездесуі өтті. Рухани  басқосуға Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, төраға орынбасарлары – жазушы Мереке Құлкенов, ақын Ақберен Елгезек және Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, ақын Қасымхан Бегманов бастаған республиканың және Түркістан облысының қаламгерлері қатысты. Жиынды Түркістан  облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жүргізіп отырды.

Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығын Түркістан өңірі толайым табыстармен, оң өзгерістермен қарсы алып отырғанын айтан ол, шаһарды дамытуда ақын-жазушыларға да артылар жүк аз емес екенін жеткізді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің атынан жазушы Мереке Құлкеновтың 70 жылдығына арналған құттықтау хат мен сый-сияпатын тапсырды. Сонымен бірге Жазушылар одағының төрағасының иығына да шапан жабылды.

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет одақтың тыныс-тіршілігі мен жоспарлары туралы айтып берді. Жаңа тынысы ашылған Түркістанның әдебиеті де өз биігінен түспей, өңірмен бірге өркендеуі тиіс екенін жеткізді. Жиында Түркістан өңірінің 13 қаламгеріне Қазақсан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданғаны жөніндегі куәліктері тапсырылды. Олардың арасында жалынды жастар да, орта буын өкілдері де бар. Сонымен бірге облыс ақын-жазушылары мен Жазушылар одағы басшылығының қолдауымен Айдар Сейдәзім Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып сайланып, бұйрығы жұртшылыққа таныстырылды.

Қаламгерлердің келелі кеңесінде әдебиетке қолдау көрсету, өңірдің рухани әлеуетін көтеру, жас ақын-жазушылардың шеберлігін шыңдау бағытында ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Облыстық филиалдың жаңа төрағасына сәттілік тілеп, әдебиетті қолдау бағытында тың бастамаларды қолға алып, қайраткерлік танытарына сенім білдірді. Ақын Мұрат Бекей, жазушы, әдебиет зерттеушісі Құлбек Ергөбек, ақын Нұрмахан Назаров және өзге де қаламгерлер ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Сәкен Қалқаманов, Түркістан  облысы әкімінің орынбасары:

«Түркістан қаласында түрлі мәдени нысандар бой көтеріп, басым көпшілігі пайдалануға берілді. Енді осы мәдени нысандарда түрлі әдеби іс-шаралар,  ақын-жазушылардың кештері, жаңа туындылардың тұсаукесерлері өтіп тұрады. Алдағы уақытта Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып, Түркістан өңірінің руханиятына оң өзгерістер алып келетін маңызды жұмыстарды бірге атқаратын боламыз».

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: Айдар СейдәзімЖазушылар одағымүшелік куәлікТүркістан облыстық филиалы төрағасы
Алдыңғы жаңалық

Әлемде теңдесі жоқ жерасты мешіті салынбақ

Келесі жаңалық

Өнім көлемі 635 млрд теңгеден асқан

Ұқсас жаңалықтар

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ ТҮРКІСТАНДА БЕС КҮН БОЙЫ ҮЗДІК ҚОЙЫЛЫМДАРДЫ САХНАЛАЙДЫ
Басты жаңалықтар

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ ТҮРКІСТАНДА БЕС КҮН БОЙЫ ҮЗДІК ҚОЙЫЛЫМДАРДЫ САХНАЛАЙДЫ

13 мая, 2025
ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫНДА «МӘҢГІЛІК БАЛА БЕЙНЕ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫНДА «МӘҢГІЛІК БАЛА БЕЙНЕ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ

13 мая, 2025
«Қолөнершілер қалашығын» дамыту жолдары пысықталды
Аймақ

«Қолөнершілер қалашығын» дамыту жолдары пысықталды

2 апреля, 2025
Төлеби ауданында 30 мыңға жуық көшет егілді
Аймақ

Төлеби ауданында 30 мыңға жуық көшет егілді

28 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025
Келесі жаңалық

Өнім көлемі 635 млрд теңгеден асқан

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

saqnews.kz
16 августа, 2025
0

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz