Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Ет тісімізге емес, түсімізге кіруі мүмкін…

29 сентября, 2021
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
64
VIEWS

алдағы қыс-көктемде еттің келісі 3000-3500 теңгеге жетеді деп болжануда

Қазақстандықтар етті аз жей бастады. Өйткені елімізде ет қымбаттап, тұтыну көрсеткіші төмендеген. Бағаның өсуі – тұрғындардың да қалтасына ауыр салмақ. Өйткені күнделікті ішіп-жейтін азықтың бағасы ұшып тұр. Ал сарапшылар 2022 жылдың қыс-көктемінде бір келі еттің бағасы 3000-3500 теңгеге жетуі мүмкін деп болжап отыр.

Гүлнар Байдүйсенова, қала тұрғыны:

«Ет қымбат. Шөп қымбат. Жем қымбат. Қазір барлық нәрсе қымбат. Халықпен санаспайды. Айлық аз. Зейнетақы да сол күйінде тұр»

Сатушы еттің қымбаттауын биылғы жем-шөптің тапшылығымен байланыстырады. Айтуынша, жоңышқаның бір бумасы 1500 теңге болса, бидайдың келісі 150 тг-ге дейін көтерілген. Шаруалар осы шығындарды ескеріп, өз бағасын ұсынады екен. Біз тым көп маржа қосып жатқан жоқпыз. Себебі бізді де тексеретін арнайы органдар бар дейді.

Ал, ет сатушылардың айтар уәжі мынадай:

«Биыл құрғақшылық болды ғой. Қызылордада мал қырылып жатыр. Қазір бидай да, шөп те қымбат. Мал бордақылаған адам да қымбатқа сатқысы келеді ғой. Олар тіпті қанша бидай кеткеніне шейін жазып қояды. Өз басым, шыны керек еттің келісін 2200 теңгеден аламын да, үстіне 50 ақ теңге қойып сатамын».

Бағаның тұрақтануы бойынша бұрынғы қалалық әкімшіліктің Бизнесті қолдау және Туризм бөлімінің басшысы Гүлжамал Даханова бағаны үнемі бақылауда ұстап отырғанын айтады. Азық-түлік бағасының күрт өсуін ол ақшаның құнсыздануымен байланыстырады.

     Гүлжамал Даханова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

 «Бұдан бұрын баға тек 15% үстемесі болып тұрған жалпы. Нарық көтерілген соң, біздікілер де шамалы өзгерткен екен. Енді нұсқама берілді. Сол бойынша олар бағаны 5 күн ішінде реттемесе, тергеу орындарына жолданады. Кей кәсіпкерлер 15%-дан артық қойғандарын, өз шығындарын да есептеп үстіне қоятындарын айтты. Заң талабы бойынша, 15 пайыздан асуға рұқсат жоқ»

Президент Қасым-Жомар Тоқаев биылғы 1 қыркүйекте жасаған жолдауында азық-түлік бағасының негізсіз өсуін сынға алған еді. Тіпті, Сауда және интеграция министрлігіне бағаны тұрақтандыру бойынша қатаң тапсырма да берді. Алайда содан бері 1 ай өтті, осы уақыт аралығында азық-түлік қымбаттамаса, арзандаған жоқ. Мысалы, соңғы 8 айдың ішінде еттің бағасы 7,9 пайызға өскен.

Бір жылда ет бағасы былай құбылған: 

жылқы еті – 9.4 %

сиыр еті – 7.8 %,

қой еті – 14.9 %.

құс еті – 3.2 %.  

Бір айдың ішінде базарларда жылық етінің бағасы 2500 теңге болса, сиыр етінің 1 келісі 2200 теңге болған. Ал қой еті 2400 теңгеге жеткен. Тауық етінің бір келісі 1020 теңгеге саудаланған.

Түйін: Биыл елімізде қаңтар-тамыз айларында ет өндіру көлемі 43 мың тонна болды. Ол өткен жылмен салыстырғанда, 4,6 % төмен. Еттің бағасы көтерілген сайын оны сатып алу көлемі азайып барады. Мәселен, биыл алты айда адам басына шаққанда қой етін тұтыну көрсеткіші бірден 10,6 %-ға төмендеп, 2,5 келіге түскен.

Tags: етжем-шөпнарыққымбат
Алдыңғы жаңалық

Қайырымдылық жәшіктері кімдерді «асырап» отыр?

Келесі жаңалық

Төрағалықты қабылдап алды

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Төрағалықты қабылдап алды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz