Елімізден Өзбекстанға 90 миллионның бензині заңсыз әкетілмек болды

Қазақстаннан Өзбекстанға жалпы құны 90 млн теңге болатын 280 тонна АИ-95 маркалы бензин заңсыз экспортталмақ болған, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ.

Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Павлодар облысы бойынша АФМ департаментінің қызметкерлері АИ-95 маркалы отандық бензинді Өзбекстанға заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті. Жалпы құны 90 миллион теңгеге жуық 280 тонна жанармай құйылған бес вагон-цистерна табылды.

Мамандардың қорытындысына сәйкес, теміржол цистерналарынан алынған сынамалар К-4 экологиялық класындағы АИ-95 бензині болып шықты. Келісім шарты бойынша жалпы 45 миллион долларға шетелдік компанияның пайдасына елден 50 мың тонна бензин экспорттау жоспарланған. Тергеу жалғасып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *