Дүңгіршектегі нанда жүрген тышқандардың видеосы тарады

Дүңгіршектегі наннан тышқан табылды. Ақтау тұрғыны қаладағы бәліш, самса сататын дүкендердің бірінде кеміргіштердің жүргенін видеоға түсіріп алған. Дүңгіршек 22-ші шағын аудандағы базардың маңында орналасқан. Бейнежазбаны түсірген әйел тұрғындарды көшеден тағам аларда аса сақ болуға шақырады. Айта кетейік, аталған дүңгіршекке жақын маңда бірқатар мемлекеттік мекемелер бар. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық республикалық балаларды оңалту орталығында нанның арасынан өлі тышқан табылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *