Доллар бағамы тағы төмендеді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,50 теңгеге арзандап, 470,45 теңге болады. Айта кетейік, доллардың 23 тамыздағы ресми бағамы – 473,99 теңге.

Дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 469,81 теңге, сату – 474,19 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 469,04 теңгеден сатып алынып, 473,53 теңгеден сатылып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *