Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қазақстан

Бүгін күшіне енген жаңа қаулы қандай шектеулер енгізді?

2 августа, 2021
in Қазақстан, Қоғам
0
0
SHARES
157
VIEWS

Бүгіннен бастап елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырып, бизнестің кедергісіз жұмыс істеуіне бағытталған жаңа қаулы күшіне енді.

Бүгін ҚР бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгіннен бастап елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырып, бизнестің кедергісіз жұмыс істеуіне бағытталған жаңа қаулы күшіне енді. Жаңа құжаттың мәтінінде еңбек ұжымын вакциналауды қамтамасыз етіп үлгермеген кәсіпорындардың жұмысын реттейтін шектеулер де бар. Екінші жағынан құжатта Ashyq жобасына қатыспайтын, бірақ жұмысы келушілердің көп шоғырлануын талап етпейтін ұйымдардың жұмысына рұқсат беріліп отыр. Әзірге бас санитардың жаңа қаулысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында күшіне енді.
Аталған қалаларда: орталық мемлекеттік органдар мен, әкімдіктерден, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау ұйымдарынан, БАҚ пен азық-түлік дүкендерінен, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарынан басқа Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылды.
Оның ішінде ойын-сауық, спорттық, отбасылық, еске алу және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге болмайды. Мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар вакцина алған және соңғы үш ай ішінде ауырып жазылған адамдардан басқа қызметкерлерінің 80 пайызын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру міндеттелді.
Ал Ashyq жобасына қатыспай-ақ
— құрылыс жұмыстары;
— өнеркәсіптік кәсіпорындар;
— жанаспайтын қызмет көрсету (көлік жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілт жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т.б.);
— гүл дүкендері, фотосалондар;
— туристік компаниялар, бизнес орталықтар, сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері және т.б.;
— қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне жұмыс істеуге рұқсат берілді.
Ashyq жобасына қатысушы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызмет уақыты жұмыс күндері 20.00-ге дейін, «Ashyq көшбасшыларына» сағат 22.00-дейін рұқсат беріліп отыр. Аталған ұйымдар қаулының бұл талабын 9 тамызға дейін пайдалана алады.
9 тамыздан бастап тәртіпке сай жұмыс істеген «Ashyq көшбасшысы» атанған кәсіпорындар ішінен
— сауда-ойын-сауық орындары, сауда үйлері, сауда желілері;
— қоғамдық тамақтану объектілері (оның ішінде жазғы алаңдар), фуд-корттар; фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, спа-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер;
— сұлулық салондары, шаштараздар, барбершоптар, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондар;
— караоке, бильярд, боулинг, компьютерлік клубтар; кинотеатрлар сағат 00.00-ге дейін жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болмақ:
Ал келушілерді Ashyq қосымшасы арқылы кіргізуге немқұрайды қарап, 20-ға дейін ғана чекин жасаған кәсіпорындар 1 аптаға жобадан шеттетіледі. Бұл олқылық қайталанса, екі аптаға, одан жөнге келмесе 1 айға дейін Ashyq қосымшасының артықшылықтарын пайдалана алмайды.
Жаңа қаулы аталған бес қаламен іргелес жатқан өңірлердің бірнеше ауданына да енгізіліп отыр. Осылайша, Нұр-сұлтан қаласына жақын Бурабай, Целиноград, Аршалы аудандары, Алматыға жақын жатқан Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары, Шымкентпен іргелес Сайрам, Төле би аудандары, Қарағанды қаласына жақын орналасқан Теміртау, Шахтинск, Абай қалаларында жоғарыда аталған карантин талаптары сақталады.

Tags: карантинКоронавирусэпидахуалҚазақстан
Алдыңғы жаңалық

Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім алады – фейк

Келесі жаңалық

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 102 қазақстандық қайтыс болды

Ұқсас жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры
Басты жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры

5 сентября, 2025
Бірлік – Қазақстанның басты байлығы
Басты жаңалықтар

Бірлік – Қазақстанның басты байлығы

4 сентября, 2025
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

1 сентября, 2025
Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі
Басты жаңалықтар

Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі

29 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 102 қазақстандық қайтыс болды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz