БҚО-да жасөспірім қызды пойыз қағып өлтірді

БҚО-да қайғылы жағдай. Сегізінші қыркүйек күні жасөспірім қызды пойыз қағып өлтірді, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Желаево-Орал темір жол өткелінің 1296-шы шақырымында болған.

Орал полициясының хабарлауынша, 2007 жылы туған қыз белгіленбеген жерден өтіп, оны Қарашаған жұмысшыларына арналған жолаушылар пойызы қағып кетті.

“Қылмыстық кодекстің 344-бабы, 2-бөлімі (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша тергеу басталды”, – деп хабарланды полициядан.

Сондай-ақ, пойыз машинистінің сау болғаны айтылды. Сараптама тағайындалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *