Бірнеше мектепке алаш азаматтарының аты беріледі

Үкімет Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына танымал тұлғалардың атын беру туралы қаулы әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Ашық НҚА» сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, 8 мектепке қоғам және саяси қайраткерлердің есімін беру жоспарланып отыр.

Олар:

№ 11 мектеп-лицейге – Өзбекәлі Жәнібеков;

№ 49 орта мектепке – Қошке Кемеңгерұлы;

№ 69 мектеп-гимназиясына – Кемел Ақышев;

№ 2 балалар музыка мектебіне – Роза Бағланова;

№ 3 балалар музыка мектебіне – Ермек Серкебаев;

№ 66 мектеп-лицейге – Дінмұхамед Қонаев;

№ 77 мектеп-гимназиясына – Фариза Оңғарсынова;

№ 83 мектеп-гимназиясына – Ыбырай Алтынсарин.

Қаулының жобасы 23 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр. Ал қол қойылғаннан кейін заңды күшіне енеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *