Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қазақстан

Білім министрі мектепте қай мамандар 100 пайыз қосымша ақы алатынын айтты

23 августа, 2021
in Қазақстан
0
0
SHARES
174
VIEWS

Қазақстанда бір бағдарлама бойынша жұмыс істеп, бюджеті, мүмкіндігі бірдей болғанына қарамастан жетістігі әртүрлі болатын мектептер бар. Бұл көрсеткіш мектеп директорына тікелей байланысты. Сондықтан алдағы уақытта мектеп мамандарына қосымша ақы тағайындалады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Білім және ғылым министрінің айтуынша, тиімді менеджмент нәтижесінде мектепте кәсіби ұжым мен оқуға арналған қолайлы орта құрылады. Сондықтан осы мәселеге назар аудару өте маңызды.

«Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, айырмашылық көбінесе мектеп басшысына байланысты. Өйткені тек мықты директор ғана үздік нәтижелерге қол жеткізетін ұйымшыл ұжым қалыптастыра алады. Мұндай директор жұмысты тиімді ұйымдастырып, ата-ана, оқушы және білім беру құрылымдарымен ашық жұмыс істейді. Сонымен қатар, қызметкерлерді жігерлендіріп, тек жетекші болып емес, шығармашылық тұрғыда шабыттандырушы әрі көшбасшы да бола біледі», — деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында.

Министр алғаш рет білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына аттестаттау және біліктілік санатын беру жүйесі енгізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, аттестаттау үш жылда бір рет өткізіледі және екі кезеңнен тұрады.

«Бірінші кезеңде заңнама бойынша білімін тексеруге арналған және басқарушылық құзыреттері бойынша тест тапсырады. Екінші кезеңде білім беру ұйымдарының басшылары белгілі бір уақыттағы атқарған жұмысының тиімділігі бағаланады», — деді ол.

Аттестаттау нәтижелері бойынша комиссия атқаратын лауазымына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы және үш санаттың біреуін беру туралы шешім қабылдайды. Яғни, лауазымына сәйкестігі белгілі болса, директорға санат беріледі. Керісінше, лауазымға сәйкес емес болса, директор жұмыстан босатылуы мүмкін.

«Берілген санатқа байланысты директор немесе оқу ісінің меңгерушісі санат үшін лауазымдық жалақыдан 30 пайыз, 70 пайыз, 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы алады. Сонымен қатар, мектеп директоры мен оның орынбасарларының лауазымдық жалақысы жыл сайын 25 пайызға артады. Бұл шаралардың барлығы мектеп басшылығының жалақысын мұғалімдердің орташа жалақысының деңгейіне жақындатуға мүмкіндік береді», — деді министр.

Министр бүгінде кадр мәселесі маңызды орынға шыққанын айтты. Директор немесе оқу ісі меңгерушісіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін, бұл лауазымда жұмыс істеуге ниетті мықты қызметкерлер қатары сирек. Оның себебі де мәлім. Министрдің айтуынша, мұғалімдермен салыстырғанда директорларға жауапкершілік көбірек жүктеледі және жалақының төмен болуына байланысты мықты педагогтер мектеп директоры болғысы келмей жатады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша біз мектеп басшылығы лауазымына тағайындау тәртібі, біліктілікті арттыру жүйесі, еңбекақы төлеу және мектеп директорларын аттестаттау рәсімін қайта қарап жатырмыз. Сондай-ақ, ротация бойынша жаңа институты енгізіліп жатыр», — деді ол.

Дегенмен, қабылданып жатқан бұл шаралар мектеп басшысы лауазымына ең мықты мамандарды тарту үшін жеткіліксіз, дейді министр.

«Қазір біз аттестаттауды және жұмыс тиімділігі үшін қосымша ақы төлеу жүйесін енгізіп жатырмыз. Сондай-ақ мектептің жобалық қуаттылығына байланысты лауазымдық жалақыны дифференциялауды енгізу жоспарда бар. Сондықтан алдағы уақытта да біз мектептерді ең мықты педагогтердің басқаруы үшін шаралар ұсынатын боламыз», — деді министр.

Еске салайық, мұның алдында білім және ғылым министрі Асхат Аймағмабетов тамыз конференциясында Қазақстандағы білім беру ұйымдары директорына еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту жоспарлары туралы айтқан еді.

 

Tags: аймағанбетовбілім минситрідиректорлар айлығы
Алдыңғы жаңалық

Әлем чемпионы Нилуфар Раимова Түркістанға оралды

Келесі жаңалық

XVI паралимпиада ойындары "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі

Ұқсас жаңалықтар

ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Басты жаңалықтар

ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

10 мая, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:
Cаясат

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:

24 апреля, 2025
Үкімет кинотеатрлар сатқан билеттер мен кассалық түсімдерді бақылап отырмақ
Cаясат

Үкімет кинотеатрлар сатқан билеттер мен кассалық түсімдерді бақылап отырмақ

18 марта, 2025
Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды
Cаясат

Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды

17 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ

19 мая, 2025

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өнер майталманы Гүлшат Тутованы қабылдады

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 142 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

19 мая, 2025

АУДАН ӘКІМІ «ҚАСИЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

19 мая, 2025

19 мая, 2025

ШАРДАРА: ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫ ҰРПАҚҚА МҰРА

19 мая, 2025
Келесі жаңалық

XVI паралимпиада ойындары "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

saqnews.kz
13 мая, 2025
0

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz