Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Денсаулық

«Аңсаған сәби» жас шектеуі 49-ға дейін ұзарды

5 ноября, 2021
in Денсаулық, Өзекті мәселе
0
0
SHARES
68
VIEWS

"Экомед" ашылғалы 25 жылда елімізде 25 мың бала дүниеге келген

Күні кеше, 23 қазанда «Аңсаған сәби»  Президенттік бағдарламасы бойынша тұңғыш сәби дүниеге келді. Ерлі-зайыптылардың 7 жыл күткен бақытына қол жеткізуіне «Экомед-Шымкент» клиникасы себепкер болған. Бүгін аталған емхананың ең үздік мамандары ашылғанына бір жыл толған «Экомед-Түркістан» емханасында кеңес өткізді. Толығырақ тілші материалында.

Дәрігер-репродуктолог Мира Нұрашеваның осы салада жүргеніне он шақты жылдың жүзі болған. Содан бері мыңдаған жұптың бесік тербетуіне ұйытқы болған ол бүгін білікті мамандар қатарында «Экомед-Түркістан» клиникасына арнайы ат басын бұрды. Көне шаһар тұрғындарын тексеруден өткізу барысында ол бедеуліктің бірнеше себебін атап көрсетті.

Мира Нұрашева, дәрігер-репродуктолог:

«Оған ең бірінші себеп – өмір сүру салты, дұрыс тамақтанбау, соған байланысты гормоналдық, зат алмасу бұзылыстары. Сондай-ақ жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялар мен содан шығатын ер бедеуліктері, әйел адамдарда болатын жатыр түтікшелерінің бітелуі сияқты диагноздар бедеулікке әкеледі.   Осындай жағдайда мемлекет оларға көмек бере алады. «Экомед» емханасының Түркістан облыстық филиалы биыл 480 квота алдық. Жақында 7 жыл бала сүйе алмаған ерлі-зайыптылар біздің клиникада «Аңсаған сәби бойынша» балалы болды».

Өкінішке орай, соңғы жылдары дүниежүзінде, соның ішінде Қазақстанда да бедеу отбасылар саны көбейген. Шамамен әр бесінші жұп біріншілік немесе екінші мәрте бала көтере алмайтын жағдайға жеткен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Аңсаған сәби» сынды бағдарлама бастап, оған жылына 7000 квота бөлуі – осының айғағы.

Жадыра Түзелбекова, «Экомед-Түркістан» клиникасының администраторы:

 «Аңсаған сәби бағдарламасы бойынша Түркістан облысынан көптеген пациенттер келді. Шамамен 10-150 адамға біз ЭКҰ квота бойынша жолдама бердік. 10-15 жыл сәби сүйе алмаған жұбайлар осы бағдарламаның арқасында жүктілікке қол жеткізді. Алды балалы болып жатыр, өздеріңіз көріп жатырсыздар. Олардың қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес»

 «Қолымды мезгілінен кеш сермедім». Өкінішке орай, ЭКҰ-ға көп қыз-келіншектер осы себептен, яғни, уақытын өткізіп алғаннан іліге алмай қалатын. Дәрігер-репродуктолог осы ретте мұндай әйелдерге сүйінші хабар жеткізді.

Мира Нұрашева, дәрігер-репродуктолог:

«Жалпы шарттарына байланысты №272 бұйрық биыл 28 маусымда жаңартылды. Соған сәйкес, ЭКҰ-ға қойылатын талаптар да біршама кеңейтілді. Бұрын бағдарламаға ілігу үшін әйелдің жасы 42-ден аспауы керек болса, 49 жасқа дейінгі ұрпақ сүюге қабілетті әйелдердің «Аңсаған сәби» арқылы сәби сүюге мүмкіндіктері бар»

Айта кетейік, алғаш профессор Байқошқарова Салтанат Берденқызының тікелей ұйытқы болуымен негізі қаланған ЭКҰ әдісі арқылы осы 25 жылда елімізде 25 мың бала жарық дүние есігін ашқан!   Елімізде ең алғаш осы клиника зертханасында түтікше арқылы пайда болған сәби биыл 31 шілде күні 25 жасқа толды.

Tags: "Аңсаған сәби"демографияпрезидентСәбиЭКҰ
Алдыңғы жаңалық

Тұмса табиғат апат алдында тұр

Келесі жаңалық

Сау адамды мүгедек қылу 4 миллион теңге ме?..

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
Бос жұмыс орындары түріндегі тұзақтар: Азаматтарды интернет-алаяқтық пен адам саудасынан сақтандырамыз
Басты жаңалықтар

Бос жұмыс орындары түріндегі тұзақтар: Азаматтарды интернет-алаяқтық пен адам саудасынан сақтандырамыз

13 ноября, 2025
ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ
Басты жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

4 июня, 2025
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Сау адамды мүгедек қылу 4 миллион теңге ме?..

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz