25-26 қыркүйек күндері «Астана Балет» театры түркі әлемінің рухани және мәдени орталығы — Түркістан қаласына гастрольдік сапармен келеді.
Бекзада өнер өкілдері «Конгресс Холл» сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тати мен Мукарам Авахридің авторлық интерпретациясы «Ұлы Дала мұрасы» ұлттық дивертисментін ұсынады. Аталған шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.