Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қазақстан

Арыста гемодиализ орталығы ашылды

8 сентября, 2021
in Қазақстан
0
0
SHARES
15
VIEWS

Арыс қаласында алғаш рет гемодиализ орталығы ашылды. Енді созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастар жол азабын тартып, өзге қалаларға сабылмай, жақын маңнан ем ала алады.

Салтанатты шараға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев пен дәрігерлер және қала тұрғындары қатысты.

Жалпы 80 мыңға жуық тұрғыны бар Арыста бұған дейін мұндай орталық болмаған. Ал созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дертіне шалдыққан 40-тан астам азамат аптасына 2-3 реттен ең жақын орталық – 85 шақырым қашықтағы Шымкентке қатынап келген.

— Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында біз бүгін облысымызға белгілі «Мед Алатау» көпсалалы медицина орталығының қызметін Арыс қаласында ұйымдастырып отырмыз. Ал науқастардың жанын шүберекке түйіп, ұзақ жол жүріп, Шымкентке барып-қайтуы оңайға соқпайтыны белгілі. Денсаулығы сыр берген жандарға көмек қолын созу үшін Президентіміз айқындап берген ұлт саулығы бағытындағы жоспарымызды іске асырып, бірқатар жерлестерімізге үміт отын сыйлап отырмыз», – деді қала әкімі Гүлжан Мамытқызы.

Көпсалалы «Мед Алатау» медицина орталығы ЖШС-нің директоры Рүстем Әбдуалиевтің айтуынша, Арыс қаласында ашылған орталық бір мезетте 6 пациентті қабылдай алады. Науқастарға сапалы қызмет көрсету мақсатында арнайы Surdial-X (Niprocorp) аппаратын Жапониядан алдырған. Ал суды сүзгіден өткізіп, құрамын байыту үшін Германиядан қосымша құрал-жабдықтар әкелген.

Қала тұрғыны әрі аталған орталықтың алғашқы пациенттерінің бірі Үсен Жақыпбаев науқастарға осыншалықты көңіл бөлініп, жоғары деңгейде жағдай жасалып жатқанына көпшілік атынан алғысын білдірді.

«Біздің жағдайымызды түсініп, осындай игі істердің ұйытқысына айналып жүрген азаматтарға, қала әкімдігіне, дәрігерлерге шын көңілден алғыс алғысайтамын», – дейді ол.

Айта кетейік, орталықта Арыс қаласы мен қала маңындағы елді мекен тұрғындарына тіпті, Қазақстанның кез-келген азаматына тегін қызмет көрсетіледі. Науқастарды тасымалдау қызметі мен ас-сумен қамтамасыз ету мәселесі де толық шешімін тапқан. Ең бастысы, дәрі-дәрмек тапшылығы мүлдем болмайды. Ал аталған қызметтерді тұтыну үшін азаматтар жеке басын куәландыратын құжатпен келсе, жеткілікті.

 

Tags: Арыс қаласыашылдыгемодиализ
Алдыңғы жаңалық

Елордада Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш қойылды

Келесі жаңалық

Еліміздегі мектептерде жаңа лауазым енгізілді

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

30 мая, 2025
ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Басты жаңалықтар

ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

10 мая, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:
Cаясат

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:

24 апреля, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Еліміздегі мектептерде жаңа лауазым енгізілді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz