Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматыда ұйымдасқан топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан

Алматыда ұйымдасқан топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан
12 сентября, 2022
in Аймақ, Қоғам
0
0
SHARES
10
VIEWS

Алматы қаласының тәртіп сақшылары жаңа туған сәбилерді сату фактілерін анықтады, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сілтеме жасап.
«Алматы қаласында полиция қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында заңсыз асырап алу мақсатында жаңа туған балаларды сату фактілерін анықтады.
Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және баласы жоқ отбасылық жұптарды іздестірумен, сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәліктерін дайындаумен айналысқаны анықталды. Аталған факті бойынша кәмелетке толмағандарды сату бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп мәлім етті баспасөз қызметінің өкілі.

Ол сондай-ақ Маңғыстау облысында ҚК-нің 125-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (адамды пайдалану мақсатында ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Полицейлер зорлық-зомбылық қолдану арқылы 30 жастағы әйелді жыныстық қанау үшін ұрлап әкеткен 43 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

«Абай облысында 32 жастағы әйел анықталып, ұсталды. Ол үш апта бойы 17 жастағы кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға итермелеп, ақшаны өзіне алып жүрген. Аталған факт ҚК-нің 134-бабы 1-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу) бойынша бірыңғай тізілімге тіркелді. Бүгінде тергеу жүргізілуде», – деп мысал келтірді ІІМ өкілі.

Сонымен қатар брифинг барысында Шұғыла Тұрлыбек жезөкшелік қызмет көрсеткен 20-дан астам притон анықталғанын айтты. Оның мәліметінше, Шымкентте кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды.

Бұдан бөлек, өткен аптада есірткі зертханасын ұйымдастырып, іздеуде жүрген күдікті қолға түскен. Жалпы жыл басынан 23 есірткі зертханасы әшкереленген.

Алдыңғы жаңалық

Балаларын Сайранда тұншықтырмақ болған алматылық әйел жазадан сытылып, қаладан қашып кетті

Келесі жаңалық

Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасы Польшадағы турнирде 11 медаль жеңіп алды материалға сілтемені көшіру

Ұқсас жаңалықтар

БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН
Басты жаңалықтар

БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН

22 августа, 2025
Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік
Басты жаңалықтар

Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік

21 августа, 2025
Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан
Басты жаңалықтар

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025
Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі
Басты жаңалықтар

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Ауыл шаруашылығы санағына 390 мың респондент қатысты

22 августа, 2025

БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН

22 августа, 2025

Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік

21 августа, 2025

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025
Келесі жаңалық
Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасы Польшадағы турнирде 11 медаль жеңіп алды  материалға сілтемені көшіру

Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасы Польшадағы турнирде 11 медаль жеңіп алды материалға сілтемені көшіру

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

saqnews.kz
16 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz