Алматыда ағаштарды өртеген ер адам ұсталды

Алматыда ағаштарды өртеген ер адам ұсталды, деп хабаралайды Turkistanzaman ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бейнекамералар мен куәгерлік жауап алудың көмегімен Бостандық ауданында болған өртке кінәлі күдікті ер адам анықталды. Бұл – 1968 жылы туған азамат. Ол от жаққанын мойындады», – делінген полиция мәліметінде.
Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан.
«Бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады», – деді полициядан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *